Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2019

Қостанайда бір мезетте 300 полицей латын қарпінде оқыды

78 реткөрсетілді

Қостанай облысының Полиция департаментінде 300 қызметкер латын қарпінде жазуды үйренді. Ашық сабақты Қостанай қаласы әкімдігінің «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының оқытушылары өткізді.Бұл жөнінде облыстық поллиция департаментінің баспасөз қызмет хабарлады.

Қазірде департаменттің 151 қызметкері мемлекеттік тілді, 51-і ағылшын тілін үйреніп жүр. Орталық оқытушылары тәртіп сақшыларына заң талаптарына сәйкес деңгейде қазақ тілін үйретеді. Бұқарамен тығыз жұмыс істейтін полицейлер бүгін мемлекеттік тілді мейілінше меңгеріп, латын қарпіндегі әріптердің тұрпатымен танысты.

«Қазақ тілін әрбір полицей білуі керек. Біз бүгін «Тілдарын» орталығымен тығыз байланыстамыз, тіпті, тәртіп сақшыларының үш тілді өз деңгейінде меңгеруін қолға алдық. Биылғы оқу маусымында қазақ тілі курстарына баратын қызметкерлер саны екі есе артпақ» деді Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев.

Департаменттің мәжіліс залына басқарма басшыларынан бастап, қатардағы қызметкерлерге дейін жиналды. Бас-аяғы 300 полицей бір мезетте төл дыбыстарды айтып, оларды жазып үйренді. Алдағы уақытта мұндай ашық сабақтарды өткізу жиілей түспек.

Соңғы жаңалықтар

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар