Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019

Әлеуметтік қызметтерді жақсарту қажет

197 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Алматы қаласының әлеуметтік ұйымдары мен жұмыспен қамту орталықтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесу вице-премьер Бердібек Сапарбаевтың Алматыға жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды.

Әлеуметтік қызметтерді  жақсарту қажет

Б.Нұрымбетов ең алдымен  қаладағы «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көр­­сету орталығы» КММ бө­­лім­­­шесі – «Өз алдына дербес тұ­­ру үйінің» жұмысымен та­ныс­ты. Бұл ұйым 18 жастан ас­қан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көр­сетеді. Ұйым қызме­ті­мен­ жан-жақты танысқан министр содан соң 3-тен 18 жасқа дейін­гі I-II топтағы мүгедек ба­лаларға арналған «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну орталығы» мекемесінде болды.

Аталған ұйымдардың же­текші­лерімен кездесу ба­рысында Б.Нұрым­бетов Пре­­­­­зидент Қасым-Жо­март Тоқаевтың сайлауалды бағ­дар­­­­­­ламасында белгіленген не­гіз­гі міндеттердің бірі мү­гедектерге көр­сетілетін әлеу­меттік қызметтердің са­пасын жақсарту және олар­дың қол­­­жетімділігін қам­та­масыз ету еке­нін атап өтті. Мем­лекет басшысы «Сын­дарлы қоғамдық диалог – Қа­зақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» ат­ты Жолдауында ерекше қа­жеттіліктері бар адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасауға ерек­ше назар аударды.

«Осы жылғы мамыр айында мүгедектігі бар адамдардың құ­қық­тарын қамтамасыз ету және өмір сү­ру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жыл­ға дейінгі жаңа Ұлттық жоспар қабылданды. Оған әлеуметтік қорғау, білім бе­ру, денсаулық сақтау және әлеу­меттік қызметкерлердің білік­тілігін арттырудың ке­шен­ді шаралары кіреді. Бүгінгі бас­ты міндетіміз – Ұлттық жос­­парда  көрсетілген іс-ша­раларды барлық деңгейде сапалы іске асыру, мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қыз­меттерімен қамтамасыз ету. Олардың өмір сүру сапасын арттыру, тәуелсіздікке қол жет­кізу, әлеуметтік және кә­сі­би қабілеттерін сақтау және оларды өмірдің барлық салаларына енгізу», деді министр.

Сондай-ақ Б.Нұрымбетов Алматы қаласының халықты жұмыспен қам­ту орталығында болып, вокзал маңы алаңында орналасқан мобильды жұ­мыспен қамту орталығының жұ­мы­сымен танысты. Жұ­мыспен қамту ор­талығы қыз­­­меткерлерінің алдында сөй­леген сөзінде министр ха­лықты жұмыспен қамтуды қам­тамасыз ету министрлік үшін ғана емес, жергілікті атқарушы органдар үшін де маңызды міндеттердің бірі болып саналатынын атап өтті.

«Қабылданған шаралар­дың нәти­жесінде елдегі жұ­мыссыздық деңгейі 4,8%-дан аспайды. Алайда қол жет­­­­­кізілген нәтижелермен тоқ­­­талып қал­мауымыз қа­жет. Мемлекет басшысы өз Жолдауында бизнесті қол­­­даудың жаңа нысандарын белсенді түрде енгізу қа­жеттігін, ең алдымен, көп ба­лалы және табысы аз отбасылар үшін отбасылық биз­нес құруға әлеуметтік ас­пек­тілерге баса назар аудару қа­жет екенін атап өтті. 2017 жылдан бастап Қазақстанда Нәтижелі жұмыспен қам­туды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мем­лекеттік бағдарламасы жү­зе­ге асырылуда. Оның не­гіз­гі бағыттарының бірі – ми­­крокредиттер, сондай-ақ қайтарымсыз негізде мем­ле­кеттік гранттар беру есе­бі­нен азаматтардың кәсіп­кер­лік бастамашылығын да­­мыту болып табылады. Бұл жұ­мысты жандандыру қа­жет, сонымен қатар азаматтар­ды басқа бағыттағы іске асы­ру шараларымен қам­ту, яғ­ни жұмыссыздарды мүм­кін­ді­гінше қоғамдық жұмысқа тарту, оларды қысқа мерзімді оқу курстарына жіберу, әлеу­мет­тік жұ­мыс орын­да­рын құ­­ру, оқу орын­да­­рының тү­ле­к­теріне алғашқы кәсіби тә­жі­рибелерін алу үшін жастар прак­тикасын ұсыну керек», деді Б.Нұрымбетов.

Кездесу соңында министр жұ­мыс­пен қамту орталығы табысы аз отбасылардың ең­бекке қабілетті мүше­лерін бел­­сенді жұмыспен қамтуға бар­­­­лық күш-жігерін жұмсау ке­ректігін айтты.