Экономика • 24 Қыркүйек, 2019

Таиланд, Үндістан мен Филиппин үкіметтері тәуекелге бағытталған реттеуге шақырылды

452 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шылым шегуге қарсы күрес мәселелерінде сарапшылар әлдеқашан тыйым салумен нәтижеге қол жетпейтініне көз жеткізді, темекі шегушілерді зиянды әдеттен бас тартуға ынталандыру үшін оларға балама ұсыну керек деген қорытындыға келді.

Таиланд, Үндістан мен Филиппин үкіметтері тәуекелге бағытталған реттеуге шақырылды

Ал балама тұтынушылар алдында тартымды болу үшін дәстүрлі темекі алдында қауіп-қатері төмен жаңа өнімдердің артықшылықтары туралы толық ақпарат беріп қана қоймай, оларды қол жетімді ету қажет, соның ішінде олардың қатаңдық тұрғысынан жеңілірек реттелуін ескеру қажет. Мысалы, құрамында никотин бар өнімдерді реттеуге бағытталған тәуекел-бағдарлы тәсіл Еуропада өз қолданылуын тапты, ал енді оған Азия елдері де шақырылуда. Мәселен, құрамында никотин бар өнімдерді әділ реттеуді Таиланд, Үндістан және Филиппин үкіметтерінен жақында қабылданған Сеул декларациясы талап етеді.

«Біз 3 елдің үкіметін өз азаматтарына тәуекелге бағытталған реттеу жолымен электронды темекі, темекіні қыздыру жүйелері мен снюс сынды темекінің қауіпсіз баламаларына қол жетімділікті қамтамасыз етуін шақырамыз», - делінген 2019 жылдың 29 тамызында сарапшылар мен тұтынушылар қол қойған Сеул декларациясында.

Бұл декларация зияндылықты төмендету жөніндегі Үшінші Азия форумына Сеулде бас қосқан 18 елдің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жүздеген сарапшылары мен тұтынушылар еңбегінің нәтижесі болып табылады. Форумда әзірленген және қабылданған Сеул декларациясы тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған және Таиланд, Үндістан және Филиппин үкіметтерін электронды темекі, темекіні қыздыру және снюс сияқты ықтимал қаупі төмен өнімдерге қатысты саясатты қайта қарау мәселелеріне шақырады.

«Біз биліктің назарын туындаған мәселеге аудару үшін Сеул декларациясын құрдық. Біздің мақсатымыз аймақтағы тұтынушылар мен сарапшылардан барынша көп қол жинау, содан кейін декларацияны тиісті үкіметтерге тапсыру. Филиппинде әңгіме шектеулі реттеу жайында болса, ал Үндістан мен Таиландта мәселе тыйым салуларды жою немесе олардың алдын алу туралы болып отыр. Жақында Үндістанда бүкіл ел бойынша балама құрылғыларға тыйым салыну керек. Таиландта никотинді жеткізудің электронды жүйесін қолдануға тыйым салуды тек туристерден ғана алып тастау мәселесі талқылануда, себебі олар туристік долларлардан айырылады» - деді Нэнси Сатхофф, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы зиянды төмендету жақтаушылары Коалициясының атқарушы үйлестірушісі.

Сеул декларациясы Таиланд, Үндістан және Филиппин үкіметін темекі шегу табакпен байланысты өлім-жітім мен аурулардың көпшілігінің себебі екенін түсінуге шақырды. Сонымен қатар, сарапшылар мен тұтынушылар билік вейпингтің айтарлықтай қауіпсіздігін және оның бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың темекі шегуден бас тартуына септігін тигізетінін мойындауы тиіс деп санайды.

Декларацияда никотин немесе темекі буларын жұту емес,  темекінің жану процесі темекі шегумен байланысты аурулардың негізгі себебі делінеді, себебі жану процесі кезінде шылым тартуға қатысты аурулардың пайда болуының басты себебі есептелетін түрлі зиянды заттар пайда болады. Алайда, егер балама өнімдерде ұсынылатындай жану процесін алынып тасталса, онда қауіп-қатер айтарлықтай төмендейді. Осылайша, электронды темекі және табакты қыздыру жүйесі темекі шегушілерге шылымқорлықтан бас тартуға мүмкіндік береді.

«Вейпинг – бұл темекі шегу емес. Вейпингте құрамында никотин бар буды (немесе аэрозоль) алу үшін электронды құрылғылар қолданылады. Англияның Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің жыл сайынғы шолулары барлық қолда бар мәліметтер бойынша электронды темекіні пайдаланудың дәстүрлі темекі шегуге қарағанда орташа зияндылығы 95 пайызға аз деген қорытындыға келді. Миллиондаған адамдар темекіден осындай зияны төменірек өнімдерге көшті. Қоғам денсаулығын қорғау тапсырылған үкіметтер бұған кедергі тудырмай, керісінше құптауы тиіс», - делінген декларацияда.

Декларацияның тұжырымдарына сәйкес, мемлекет қоғам денсаулығына пайда әкелуі үшін альтернативті өнімдерді қатаңдық тұрғысынан жеңілірек реттеуі керек.

«Есіңізде болсын, қоғамдық денсаулық бұл тұтынушылар. Сәйкес реттеу кезінде сіз ондаған миллион темекі шегушілерге шындықты айтып, көмектесе аласыз: вейп-өнімге көшу шылым шегуді жалғастырудан дұрыс, бірақ ең оң нұсқа – толығымен бас тарту», - деп ұрандайды декларация.

Сеул декларациясы 3 елдің үкіметіне қаралса да, темекі шегуге қарсы күрес мәселесі өзекті саналатын барлық өзге елдердің оның дәлелдері мен тұжырымдарына құлақ асуы орынды. Бұл мәселеде Қазақстан да тыс қалмауы шарт.