Руханият • 25 Қыркүйек, 2019

Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі өз мәресіне жетті

1384 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Тілдерді қолдау мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жаңа  оқу жылының К.Бекхожин атындағы  жалпы орта білім беру мектебі мемлекеттік мекемесінің «Тілдер апталығы» шеңберінде өткізілген  «Қасиет пен құт дарытқан ана тілі» атты апталықтың іс–шаралары  аталған мерзімде іске асырылды.

Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі өз мәресіне жетті

Тілдер мерекесіне арналған апталықтың ашылуы салтанатты рәсімімен басталды. Бұл шараға 2-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Аталған шараға ең алдымен ҚР мемлекеттік туын енгізді, ҚР мемлекеттік әнұраны орындалды, «Тіл – достың құралы» жылына орай ұйымдастырылған Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі өңірде 19 тамыз күні бастау алған. Аталған күннен бастап 30 қыркүйекке дейін жалғасқан тілдер айлығы аясында түрлі шаралар ұйымдастырылды. 1998 жылғы 20 қаңтар күні Елбасының жарлығымен әр жылдың қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Қазақстан халқы тілдерінің күні» деп жарияланғаны белгілі. Сол уақыттан бері жалғасын тауып келе жатқан шараға елімізде өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерін толық қамтуға тырыстық. Оның аясында тілдерді меңгеруге арналған байқаулар, дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар мен мәдени іс-шаралар жүйелі түрде өткізілді. Мұндағы мақсатымыз патриот жастарды тәрбиелеп, мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, елімізде өмір сүріп жатқан барлық этностардың тілдерін сақтап, салт-дәстүрлерін нығайту. Дәл осындай ұйымдастырылған Қазақстан халқы тілдері күні мен Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мектеп кітапханасында «Рухани жаңғыру: қазақ тілі-ұлтаралық қатынас тілі» атты кітап көрмесі,оқушылар арасында үлкен  сурет көрмесі ұйымдастырылды «Тіл-ұлттың жаны» атты кітап көрмесі ұсынылып, арнайы слайдтар көрсетілді. Мұндай игі шаралар мектеп кітапханасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, тарихи – әдеби үрдісі үзілмей, жалғасын тауып келеді. Кітапхана – біліммен мәдениеттің қайнар көзі, мектеп кітапханасы шәкіртерге сапалы білім, тәрбиелік шараларды өткізуде  мұғалімдердің сенімді серігіне айналып отыр. 

Рухани жаңғыру Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында жаңа оқу жылы басталғанан бері мектебімізде «Ана тіліміз-асыл мұра» интеллектуалдық  шара мақсаты Отан тірегі-жер, жер мәні-тіршілік, өмір мәні – еңбек, тіршілік. Отан, туған ана тіліміз, бәрі уақыт өткен сайын бәсеңдейді ұмытылады, ал туған жер, өскен орта, ана тіліміз,үш тілділіктің белең алғанын оқушылардың жұмбақ  жауабын үш тілге де еркін аудара білгенінен көруге болады.Тіл-адамзат жасаған ұлы істердің бірі,үш тілдің патшалығы сауатты сөйлеуге, Ана тіліміздің мәртебесін жоғары ұстау, « Тіл жүйрікте кім жүйрік» атты 5-9 сыныптар арасында  сайыс өткізілді. «Ана тіліміз еш уақытта өшпейді, қайта рухани жаңғырып күшейе берсін». Жарық дүниеге бір жылда келіп, тағдыр тауқыметімен бір жылда қайтыс болған қазақтың үш арысы, жыр тұлпарлры қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерек» ақындарымыз Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллиннің  туғанына 125жыл атты кітап көрмесі мектеп кітапханасында көркем безендірілді.22-қыркүйек-Қазақстан халықтарының Тіл мерекесіне ат салысып мерекенің көш басында болған мектебіміздің әдіскері, тіл маманы Анесова Г.Ж. қазақ тілі, ағылшын,орыс тілі пәнінің мұғалімдері,оқушыларымыз  үлкен жауапкершілікпен қатысты. Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі өз мәресіне жетті, игі шаралар мектебімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, тарихи-әдеби үрдісі үзілмей, жалғасын тауып келеді.