06 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1574

251 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1574

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 5:57

2012 жылғы 11 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі

«Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдағы 12 қазандағы № 1559 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж, № 42, 408-құжат) мынадай өзгерістер енгізілісін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесінде:
2-тармақта:
екінші және сегізінші абзацтар алынып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«аккредиттелетін субъект – медициналық ұйым, жеке тұлға;»;

3-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссиялар (бұдан әрі – Комиссиялар) құрады және аккредиттелген денсаулық сақтау саласындағы медициналық ұйымдар мен тәуелсіз сарапшылардың дереқорын қалыптас­тырады.»;
19-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
5) аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі бағалауды баллдық жүйе  негізінде жүргізу кезеңдерінен тұрады.;
20-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыртқы кешенді бағалау қорытындылары баллдық жүйе негізінде аккредиттеу стандарттарына сәйкестікті бағалауды жүргізумен аяқталады.»;
«Емші сертификатын беру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына денсаулық сақтау ұйымдарына аккредиттеу жүргізу тәртібі» деген 4-бөлім алынып тасталсын;
35-тармақтың төртінші бөлігі алынып тасталсын;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Аккредиттеуші органның аккредиттеу не аккредиттеуден бас тарту туралы шешіміне медициналық ұйымдар және жеке тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.»;
көрсетілген ережеге қосымша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізілді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С.АХМЕТОВ.