06 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1815

243 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1815

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 7:56

2012 жылғы 29 желтоқсан,   Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 және «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы №865 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Сәрсенбі, 6 ақпан 2013 7:56

2012 жылғы 29 желтоқсан,   Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 және «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 маусымдағы №865 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірі 498-жол мынадай редакцияда жазылсын:
498    Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру    Жеке және заңды тұлғалар    ЭДСМ    ЭДСМ Сауда комитеті    ЭДСМ Сауда комитеті ХҚО    Электронды, қағаз түрінде (лицензия)

2) «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы №865 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №60, 825-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссиясы шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызмет «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Рес­публикасы Заңының 7-бабы 11) тармақшасының, «Тауарлардың сыртқы саудасы саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы» 2009 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң), «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» 2009 жылғы 21 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің  мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1116 қаулысының негізінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 наурыздағы №269 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына оларға қатысты тарифтік квоталар енгізілген еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жекелеген тауарлар түрлерінің импортына (экспортына) лицензия (қағаз тасығыштағы және (немесе) электронды түрдегі құжат) беру не лицензия беру үшін белгіленген мерзімде қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.»;
11-тармақта:
Үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) әзірлеген және сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға өтеусіз негізде беретін бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен жасалған Комиссия бекіткен форматтағы өтініштің электронды көшірмесі. Сыртқы сауда қызметіне қатысушы өтініштің Комиссия бекіткен форматқа қатаң түрде сәйкес болатын электронды көшірмесін қалыптастыратын өз бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана алады;»;
бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«салық органында есепке қойылғаны туралы құжаттың көшірмесі;
егер қызметтің мұндай түрі оған қатысты Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында лицензиялау енгізілген тауар айналымына байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі;»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына (экспортына) лицензия беруге арналған өтініш бланкісінің үлгісі Министрлік пен Комитеттің www.minplan.kz, www.comtorg.kz интернет- ресурстарында, сондай-ақ веб-порталында орналастырылады.»;
көрсетілген стандартқа 1, 2, 3-қосымшаларда:
«Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданған кезде импортқа және (немесе) экспортқа лицензия беру» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, сондай-ақ арнайы қорғау шараларын қолданған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі      С.Ахметов.