Сондай-ақ Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы ғылымындағы жағдай ерекше назар аударуды талап ететінін атап өтті. Онсыз біз ұлттың келешектегі дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Үкімет бұл проблеманы ғылыми зерттеулердің деңгейін арттыру және оларды практикада қолдану тұрғысынан қарағаны жөн.
А.И.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталық (ҒӨО) қызметкерлері Мемлекет басшысының идеяларын толығымен қолдай отырып, Жолдауда агроөнеркәсіп кешені мен ғылымды дамыту саласына қатысты дұрыс міндеттер қойылды деп санайды.
Қазіргі таңда А.И.Бараев атындағы ҒӨО еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде суармалы полигон (ақылды полигон) құру мәселесі бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл жұмысты біз Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жүргіземіз. Ол үшін АШҒӨО «Valmont» америкалық компаниясымен келісім жасады және бүгін біз олармен нақты суару саласында ынтымақтастыққа қол қойдық. Жоба ауыл шаруашылығы дақылдары мен ирригациялық жүйелерді өсірудің жаңа инновациялық агротехнологияларын, сондай-ақ АШҒӨО базасында мониторинг және бақылау технологияларын көрсетуге бағытталған. Компания ғылыми орталыққа жаңа буын үш жаңбырлатқыш қондырғысын жеткізді. Жаңа агрегат өнімділікті арттыруға және су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жобаға сәйкес, ҒӨО базасында үш мың гектар жер суарылатын алқап болмақ. Біздің алдын ала ғылыми ізденістеріміз бойынша мұндай жобалар елдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте бұл жоба тек астық дақылы ғана емес, сондай-ақ әртараптандыру бағдарламасына қатысатын ауыл шаруашылығы дақылдарын нақты суарудың арқасында жүзеге асырылады. Атап айтқанда, солтүстіктегі соя, жасымық – Орталық Қазақстанда, жүгері мен мақта – Түркістан облысында. Бұл жоба Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне шетелдік инвестицияларды тартуда серпін беретіні қуантады. Бұл туралы Президент өзінің Жолдауында да атап өтті.
Суарудың рөлін ауыл шаруашылығында асыра бағалау қиын. Ал қазіргі жағдайда өнімділігі аз жерлерді түбегейлі жақсартуға және оларды жоғары өнімді жерге айналдыруға болады, бұл экономикалық мақсаттылықтың негізі.
Ал әлемдік ауыл шаруашылығы заманауи жағдайда өндірілетін өнімнің ғылымды қажетсінуін күшейту бағытында қозғалып келе жатқандықтан, бұл жағдайда Қазақстанға да даму институттарында, ғылыми орталықтарда және технологиялық жобаларда АӨК-тегі жоспарларға жетекші ғылыми бағдарламаларды практикалық байланыстыру қажет. Республикада ауыл шаруашылығының елеулі өсуіне бағытталған агросекторды инновациялық дамытудың объективті, шынайы, қазіргі заманғы және мемлекет жақсы қолдайтын стратегиясы қажет. «Ақылды» суландыру, тыңайтқыштарды қолдану және ауыл шаруашылығы дақылдарын диверсификациялауды енгізу – тек осы жағдайда ғана елеулі табыстарға қол жеткізуге және қазақстандық ауыл шаруашылығын әлемдік деңгейде толық бәсекеге қабілетті етуге болады.
Кенже АБДУЛЛАЕВ,
А.Бараев атындағы АШҒӨО
бас директоры, профессор