Қоғам • 27 Қыркүйек, 2019

Орынбек Сандыбеков «Ең үздік батальон сержанты» атанды

763 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Достастық жауынгері» халықаралық байқауында екі мәрте чемпион болды.

Орынбек Сандыбеков «Ең үздік батальон сержанты» атанды

аягөз

Аягөздің Мамырсу ауылындағы 97616 әскери бөлімінің әскери қызметкері, аға сержант Орынбек Сандыбеков еліміздің Қарулы күштерінің Х бүкіл армиялық байқауында «Ең үздік батальон сержанты» атағына ие болды және батальон сержанттары арасында қоян-қолтық ұрыс жекпе-жегінің жеңімпазы атанды.

аягөз 1

Бұл - Орынбектің алғашқы жеңісі емес. Ол 2015 жылы Жамбыл облысы «Отар» әскери базасында және 2017 жылы Беларусь Республикасында өткен «Достастық жауынгері» халықаралық байқауларына қатысып, екі мәрте чемпион атанған-ды.

аягөз 2

аягөз 3

аягөз 4

Жауынгер 2015 жылы Отардан үлкен жеңіспен оралғанда Қорғаныс министрлігі темір тұлпар мінгізген болатын.

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы