Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2019

Алматы 10 қазаннан бастап жылынады

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыға 10 қазаннан бастап  жылу беріледі. Бұл туралы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы баспасөз жиынында айтты. 

 

Алматы 10 қазаннан бастап жылынады

Бүгінде 4 мың тұтынушының қарызы 2,5 миллиард теңгеден асып кеткен. Борышкерлердің көбісі Бостандық пен Медеу аудандарында тұрады.

Алматылық монополистер қарыздарын сот арқылы өндіріп алмақ.

Мұндай мәліметтерді қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы таратты. Алайда қала билігі  қыс мезгілінде ешкім жылусыз қалмайтынын айтады. Олар қандай жағдайлар орын алса да Алматыны жауратпаймыз деп отыр.

«Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары жоспарланған уақытта аяқталады» дейді Алматы қаласы әкімділігі баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жылу жүйелерін жаңартуға 20 миллиард теңге бөлініпті.      

«Биылғы таңда 12-магистраль бойынша толық жұмыс аяқталды. Жол салынып біткен соң ашылды. Бірақ кейбір ескертулер бар. Екі аптаның ішінде ол толығымен аяқталса, бітіреміз», деді  Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Басқарма басшысының айтуынша, Төле би көшесіндегі жұмыстар да жақын арада аяқталмақ. Олай болмаған жағдайда мердігер компанияға айыппұл салынатынын да жеткізді.

«Қазіргі таңда технологиялық жағынан магистральдік желіге қосылды. Бірақ жол және  ескертпелер бойынша жұмыстарды 3 қазанға дейін бітіреміз деп отырмыз», деді Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

  

АЛМАТЫ