Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2019

Ақтауда полицейлерді баспанамен қамту келісіміне қол қойылды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Полиция департаменті, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы және «Астана мотор Актау» ЖШС арасында үшжақты ресми құжатқа қол қойылды.

Ақтауда полицейлерді баспанамен қамту келісіміне қол қойылды

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.Ақшауов, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры М.Абуғалиев және «Астана мотор Актау» ЖШС директоры Т.Сейтмағанбетов қол қойған келісім – тәртіп сақшыларын баспанамен қамтуға негізделген.

Маңғыстауда ішкі істер органдарында көптеген жас қызметкерлер жұмыс жасайды, олардың көбі пәтер жалдап жүр. Қазіргі таңда аймақта ішкі істер органдары қызметкерлері үшін тұрғын үй салыну жоспарлануда. Пәтерлер қолжетімді, төмен бағамен, яғни 1 шаршы метрі 130 000 теңгемен берілетін болады. Полиция департаментінде өткен кездесуде құрылыс компаниясы басшысы   Т.Сейтмағанбетов өз тарапынан құрылыстың жоғары деңгейде жүргізілетінін айтты.

 

 

Маңғыстау облысы