Спорт • 30 Қыркүйек, 2019

«Трактордан» басым түсті

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы кезекті тур ойынын Челябіде өткізіп, жергілікті «Трактор» командасынан тағы да басым түсті.

«Трактордан» басым түсті

Осыдан бір апта бұрын екі команда Алматыда жолығып, «Барыс» хоккейшілері 3:1 есебімен жеңіске жеткен-ді. Енді міне, Челябіде өткен кездесуде жерлестеріміз тағы да өздерінің мықтылығын дәлелдеді. Матчтың бірінші кезеңінде мұзайдын иелері Алматыда кеткен есені қайтару үшін бірінші минуттан бас­тап ойын тізгінін өз қолдарына алды. Бірнеше қауіпті шабуылдан соң «Трактор» ойыншылары өз дегенінен жетті. 10-минутта Ессе Виртанен есеп ашып, командасын алға шығарды. Бірақ жергілікті жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Арада екі минут өткенде Даррен Диц есепті теңестіріп кетті. Ойынның бірінші және екінші кезеңдері тең есеппен аяқталды.

Ал үшінші кезеңнің орта тұсынан асқанда, дәлірек айтқанда 52-минутта «Барыстың» жаңа ойыншысы Корбэн Найт мерген­дігімен көзге түсіп, командасына маңызды жеңіс сыйлады. Осы­лайша, «Барыс» биылғы маусымда «Трактормен» екінші рет кез­десіп, екеуінде де басым түсті. Бұл жеңісінен кейін жерлестеріміз ҚХЛ-дің турнир кестесінде 14 ұпаймен 2-орынға көтеріліп алды.

«Барыс» келесі кездесуін бүгін «Барыс Аренада» «Куньлуньға» қарсы өткізеді.