Спорт • 30 Қыркүйек, 2019

Қола жүлдегер атанды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстел теннисінен Сербия ашық чемпионатына қатысқан қазақстандық спортшылар үшінші орын иеленді.

Қола жүлдегер атанды

Кадеттер арасында өткен бәсекеде Сарвиноз Миркадирова (суретте) – Александра Смирнова жұбы бастапқы бәсекеде Ресей, Сербия және Словакиядан келген қарсыластарынан басым түскенімен, жартылай финалда германиялық спортшылардан жеңіліп қалды. Осылайша, жерлестеріміз қолаға қол жеткізді.

Ал Алан Құрманғалиев (Қазақстан) – Матиас Лебеда (Чехия) жұбы Хорватия, Сербия және Словакиядан келген спортшыларды жеңгенімен, Таиланд құрамасынан жеңіліп қалды.