Қоғам • 01 Қазан, 2019

Пошташы міндеттерінің бір бөлігі ПИК қызметкерлеріне жүктеледі

68 реткөрсетілді

Пилоттық жобаны әзірге Қазақстанның елордасында ғана іске қосты. Жобаға 5 пәтер иелерінің кооперативі және 44 үй қатысып жатыр. Осы жаңа енгізілімнің арқасында елордалық пошта қызметкерлерінің жүктемесі азайтылды және жазбаша корреспонденция мен мерзімді басылымдарды жеткізудің шапшаңдығы артты. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

«Біздің басты мақсатымыз – шапшаңдықты арттыру. Шілде айында біз пошташыларымызға электр-самокаттар бердік, енді ПИК қызметкерлерін тарту арқылы олардың жүктемелерін азайтып жатырмыз, - дейді Астана поштамты директорының орынбасары Бағлан Оразбай. - Бір пошташы, әдетте, күніне 70-тен 300-ге дейін хат жеткізеді. Олардың көпшілігі бір күннің ішінде барлық хат-хабарларды жеткізуге физикалық тұрғыдан үлгермейді. Жүктемелерін жеңілдету үшін біз осы жобаны іске қостық».
«Қазпошта» АҚ ПИК қызметкерлеріне пошташы міндеттерінің бір бөлігін ғана береді. Олардың міндеттеріне тек жеткізілімді іске асыру кіреді, ал филиал қызметкерлері жеткізу парағын жасап, жөнелтімдерді сұрыптайды.

«Біз жөнілтімдерді ПИК-ке өзіміз жеткіземіз, бұл олар үшін жеткізуді жеңілдетіп, уақыттарын үнемдейді. Оларға Қазпошта бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Біз ПИК қызметкерін ақылы қызмет көрсету шарты бойынша жалдаймыз. 5-15 үйге қызмет көрсетудің төлемі 53,5 мың теңгені, 15-25 үй үшін 60 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, пошта қызметкерінің міндеттерін атқаратын ПИК қызметкеріне зейнетақы жарналары есептеледі», - деді Бағлан Оразбай.

Қазанның басында тағы үш ПИК-пен шарт жасалады деп жоспарлануда. Ал осы жылдың соңына дейін олардың саны 15 болады. Егер пилоттық жоба оң нәтиже көрсетсе және жеткізу мерзімін қысқартса, бұл тәжірибе елорданың барлық аудандары мен аймақтарына таратылады.

фото baribar.kz

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Кеше

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Кеше

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Кеше

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Кеше

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Кеше

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар