Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1607
Сенбі, 16 ақпан 2013 6:29
2012 жылғы 14 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
«Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі №845 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Сенбі, 16 ақпан 2013 6:29
2012 жылғы 14 желтоқсан Астана, Үкімет Үйі
«Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі №845 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.«Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 31, 269-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
паспорт – сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен жол сервисі объектісі нақты жай-күйінің автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;
техникалық шарт – автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін және жол ғимараттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізу кезінде орындалуға жататын нормативтік техникалық талаптарды белгілейтін құжат.»;
11, 12және 12-1-тармақтармынадайредакциядажазылсын:
«11. Жолдарда жұмыс жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда жол полициясының бөлімшелері берген жұмыс жүргізу құқығына рұқсат (ордері) болған кезде ғана жол беріледі.
Автомобиль жолдарын басқарушылар тиісті рұқсатты (ордерді) берген кезде жұмыс жүргізу басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын жол полициясының бөлімшелерін хабардар етеді.»;
12. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
1) жол органдарымен:
ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне; автомобиль жолдарының арналардың, байланыс және электр беру желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының, су құбырларының және темір жолдардың және басқа да инженерлік желілер мен коммуникациялардың кесіп өтуіне;
автомобиль жолдарының жол бойындағы жолағында қонақ үйлерді, мотельдерді, кемпингтерді, автомобильдерге жанармай құю станцияларын, техникалық қызмет көрсету станцияларын, тамақтану және сауда пункттерін орналастыруға;
автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға;
жүктерді тиеу және түсіру үшін жолдан түсу орындары мен алаңдар жасауға;
автомобиль жолдарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіретін кез келген жұмыстарды жүргізуге;
автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде және жол бойындағы бөлігінде сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға;
ескерткіштер қоюға, шарбақтарды, сәндік ағаштарды отырғызуға;
жалпы пайдаланымдағы жолаушы көлік құралдары қозғалысының маршруттарын ашуға және аялдама пункттерін орналастыруға;
2) жол полициясының бөлімшелерімен:
автомобиль жолдарында бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге келісімдер жүргізеді.
12-1. Жол органдары өтініш берген сәттен бастап бес жүмыс күнінен кешіктірмей жүргізілетін автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға келісуді қоспағанда (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады), жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Жол полициясының бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша қозғалу үшін арналған автокөлік құралдарының мүмкін болатын параметрлерін, Қазақстан Республикасының аумағындағы бөлінбейтін ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
23-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жол белгілері мен қоршауларды орналастырудың және жұмыс жүргізілетін орындардың схемасын;»;
24-тармақ алынып тасталсын;
32-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жол органдарының, автомобиль жолдарын басқарушылардың немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, жол полициясы бөлімшелерінің тиісті келісімінсіз жөндеу және басқа жұмыстар жүргізуге;»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешімді жол полициясының бөлімшелері қабылдайды.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Жолдың немесе жолдың жолақ бөлігінің шегінде жұмыс жүргізуші ұйымдар мен азаматтар жол органдарымен келісілген техникалық шарттары мен жұмыс мерзімдерін сақтамағаны, сондай-ақ жұмыс жүргізу аймағында да, уақытша кіретін және шығатын жерлерде де қозғалыстың қауіпсіздігін сақтамағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібінде:
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Паспортты халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жол органы немесе облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде береді.»; 15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«15.Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны жол органдарында немесе жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов.