20 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1653

308 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1653

Сәрсенбі, 20 ақпан 2013 5:55

2012 жылғы 21 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі

Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін жүзеге асыру бойынша лицензиялар болып Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті айқындалсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С.Ахметов.

 

Сәрсенбі, 20 ақпан 2013 5:55

2012 жылғы 21 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі

Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

«Лицензялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметін жүзеге асыру бойынша лицензиялар болып Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті айқындалсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С.Ахметов.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысымен бекітілген

Тауар биржаларының,биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
1    Біліктілік талаптары
мыналардыың болуын
көздейді:    Құжаттар
Ескертпе

тауар биржаларының қызметіне
1    Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын жалпы талаптарына жауап беретінтауар биржасының электрондық сауда жүйесі
Негізгі құралдардан үзіңді көшірмелер немесе қабылдау-тапсыру пайждалануға енгізу туралы акті
Барлық құжаттар электронды нысанда
(түрлі түсті сканерленген) ұсынылады
2    Құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақтаулын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақтандырылған құрылымдық бөлімше    Құрылымдық бөлімшенің ережесі туралы бұйрық және құпия ақпаратқа рұқсаты бар тұлғалар туралы бұйрық
3    Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен биржа саудасының үлгі ереждесі негізінде әзірленген биржа саудасының ережесі    Бекітілген биржа саудасының ережесі

4    Тауар биржасының басшылық лауазымындағы қызметкерлерінде:
жоғары білімі;
тауар биржалары саласында және/немесе қаржылық ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
тауар биржасының басшылық лауазымындағы емес қызметкерлерінде:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім    Директорды тағайындау туралы құрылтайшылардың шешімі (құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасы), штаттық кесте, диплом, еңбек кітапшасы

5    Сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелер    Құрылымдық бөлімшенің ережесін бекіту және құрылымдылық бөлімше туралы бұйрық
6    Клирингтік орталық не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарт    Клирингтік орталықты құру немесе клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы бұйрық
7    Кемінде жеті биржалық брокермен және/немесе биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттары    Ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттары
8    Тауар биржасы туралы және оның сауда-саттықтар өткізу тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ биржалық сауда-саттық нәтижелерін орналастыру үшін арнайы бөлімді қамтитын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өз интернет-ресурсы    Интернет-ресурсын пайдлануға енгізу туралы мәлімет
9    Мына тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшері    Тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, басқа  түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлем-
дер мөлшерін бекіту туралы бұйрық
биржалық брокерлер (бұдан әрі – Брокерлер) және (немесе) биржалық
дилерлер (бұдан әрі – Дилерлер) қызметіне
10    Ұйымның бірінші басшысында:
жоғары білім;
биржа қызметі саласында және/немесе қаржылық ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
ұйым қызметкерлерінде (биржалық саудамен айналысатын):
жоғары немесе орта білімнен кейінгі білім    Директорды тағайындау туралы құрылтайшылардың шешімі
(құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасын), штаттық кесте, диплом, еңбек кітапшасы    Барлық құжаттар электронды нысанда (түрлі түсті сканерленген) ұсынылады

11    Брокерлік немесе дилерлік қызметтеркөрсету туралы шарттардың бекітілген нысандары    Брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттар формаларын бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі
12    Клиенттерге брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсетудің бекітілген регламенті    Клиенттерге брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсетудің бекітілген регламенті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 1653 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық лилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысы (Қазақстан Республикасындағы ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 481-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 қыркүйектегі № 894 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 51, 470-құжат).
3. «Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1942 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1435 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж. № 5, 99-құжат).