Аймақтар • 03 Қазан, 2019

«Астана» ХҚО ақтаулықтармен кездесті

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық сауаттылық және нарықтық экономика талаптарына сай заманауи үдерістерге лайық болу – заман талабы. Инвесторлардың халықаралық апталығына орай «Астана» ХҚО өкілдері 1 қазанда Ақтау қаласында кездесу өткізді.

«Астана» ХҚО ақтаулықтармен кездесті

Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының қолдауымен халықтың инвестициялық сауатын арттыруға бағытталған кездесуге мемлекеттік ор­гандар, «Атамекен» ҰҚП, сон­дай-ақ Маң­ғыстау облысының акаде­миялық топтары өкілдері қатысты.

Өткен жылы аталған қаржы орта­лығы Маңғыстау облысы әкім­ді­гімен өңірге инвесторлар тарту­да орталық алаңын пайдалану жөнінде меморандумға қол қойған болатын. Делегация басшысы, «Астана» ХҚО әкімшілігі» АҚ Басқарма төр­ағасының кеңесшісі Б.Қуанды­қов­тың айтуынша, меморандум аясында Маңғыстауда екі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның бірі қонақүй кешені құрылысы.

– Бұдан өзге тағы он жоба жос­парлануда. Аймақ басшысымен кездесіп, Маңғыстау облысына инвесторлар тарту мәселесін тал­қы­ладық. Біздің алаңымызға тіркел­ген әріптестер үшін салықтық жеңіл­діктер қарастырылған. Сон­дай-ақ орын алған даулы  мәселе­лерді шешуде  халықаралық сот кө­ме­гіне жүгінуге мүмкіндік бар. Өт­кен жылы ірі компанияларды өз ала­­ңы­мызға тарту үшін ірі шаралар қол­­ға алынды, – дейді Б.Қуанды­қов.

– Инвестиция мен оны ел экономикасына тарту, сондай-ақ қар­жылық сауаттылық – қажет мәсе­лелер. Сондықтан «Астана» ХҚО кездесуі осы тақырыптағы сауал­дарымызға жауап алып, бұған дейін беймәлім болып келген тұстарды терең тануымызға мүмкіндік берді. Мұнайлы өңір, әрі теңіз жолы қатынасы бар Маңғыстау өңіріне инвестиция тартуда қаржы орталығының әлеуеті күшейеді дей аламыз, дейді қатысушылар. 

Маңғыстау облысы