Аймақтар • 03 Қазан, 2019

Маңғыстауда 9 айда қиын жағдайдан 53 бала құтқарылды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайларында басқару басқармасының 2019 жылдың 9 айына жасаған талдауы бойынша Маңғыстау облысы өрт сөндіру қызметімен тұрғын үйлерде қараусыз пәтерде жабық қалған балаларды құтқаруға шыққан авариялық-құтқару жұмыстарына талдау бойынша 47 шығыс болған.

Маңғыстауда 9 айда қиын жағдайдан 53 бала құтқарылды

Нақтырақ айтсақ, Ақтау қаласы бойынша  бөлімшелермен, Жаңаөзен қаласы бойынша 10, Түпқараған ауданы бойынша 2, Қарақия ауданы бойынша 1 және Бейнеу ауданы бойынша 1 шығыс тіркелген.

Ата-аналарымен қараусыз қалған 53 бала Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері көмегімен қиын жағдайдан құтқарылды. Оларды жастары бойынша сараласақ, 0 - 3 жасқа дейін 29 бала, 3- 6 жас аралығында 10, 6 - 9 жас аралығында 5, 9 -11 жас аралығында 8 бала және 11-13 жас аралығында 1 бала.

- Статистика бойынша көбінесе балалардың жарақат алуы ата-аналардың балаларды қараусыз қалдырғанынан болады. Ата-ана жауапкершілігі – бұл бала қауіпсіздігінің негізі. Егер ата-аналары қауіпсіздік шараларын алса, балалардың қаза болу қаупі және жарақаттануын алдын алуға болады. Соңғы кезде балалардың қаза болуының статистикасы қорқытады, ал себептері одан да бетер. Әр үшінші жағдай ата-аналардың салғырттығынан болады және бұны назарсыз қалдыруға болмайды, дейді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар Департаменті өкілдері.