Медицина • 03 Қазан, 2019

Өзгеге өмір сыйлауда

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қалалық қан орталығында» «Қан тапсырып, өзгеге өмір сыйла!» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Өзгеге өмір сыйлауда

Жалпы, 18 жастан асқан, денсаулығы дұрыс, қайы­рым­ды, ең бастысы, адам өмі­рін сақтап қалуға, көмегін беруге дайын кез келген азамат донор ретінде қан тапсырып, дәрігерлерден кеңес ала алады. Қан құю арқылы өмірді сақтап қалуға болатын ауру түрі өте көп. Бұған гемофилия, қан аздығы, бауыр қатерлі ісігі мен күйік алу, т.б. дерттерді қосуға болады.

Аяқасты апат жағдайында немесе күрделі операция кезін­де донор қанын құю қажеттілігі де жиі кездеседі. Әсіресе донор қаны босанған ананың өмірін сақтап қалуға өте қажет.

Айта кету керек, аталмыш акцияға Шымкент қаласындағы 105 мешіт имамдары, қалалық «Зе­кет» қоры, Жастар ісі секто­ры, мешіт жамағаттары, т.б. жал­­пы 300-ден астам адам қатысты.

 ШЫМКЕНТ