23 Ақпан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1687

221 рет
көрсетілді
34 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1687

Сенбі, 23 ақпан 2013 5:28

2012 жылғы 27 желтоқсан , Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Тестілеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызмет стандарты;

Сенбі, 23 ақпан 2013 5:28

2012 жылғы 27 желтоқсан , Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Тестілеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызмет стандарты;


5) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызмет стандарты;
6) «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламаларын келісу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы №1687 қаулысымен бекітілген

«Тестілеу»  мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Агенттіктің облыстар, Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Агенттік туралы ереженің, Агенттік төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығымен бекітілген Тестілеуді өткізу қағидасының, Тестілеу бағдарламаларының және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәндерінің негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Агенттіктің www.kyzmet.kz интернет-ресурсында, www.kyzmet.kz интернет-ресурсында сілтемелер жасалған аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстарында орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тестілеу әкімшісінің қолы және тиісті мөрі бар қағаз тасығыштағы қатаң есептілік бланкісіндегі тестілеу нәтижесі (бұдан әрі – тестілеу нәтижесі), сондай-ақ тестілеу нәтижесінің телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттiк қызметті алушылар мынадай жеке тұлғалар (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) болып табылады:
1) бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысушылар;
2) мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағандар және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтар;
3) кәсiби деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтар;
4) аттестаттауға жататын мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік органдардан осы стандарттың 6-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік қызметті алушылар тізімі түскен сәттен бастап – 3 жұмыс күні ішінде;
2) мемлекеттік қызметті алушылар осы стандарттың 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 жұмыс күні ішінде;
3) өтініш беруші жүінген күні сол жерде көрсететін мемлекеттік қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат берілетін ең көп уақыт – 30 минут.
4) өтініш беруші жүінген күні сол жерде көрсететін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең көп уақыт – 30 минут.
Тестілеу бағдарламасына байланысты тестілеудің ең көп уақыты 2 сағат 20 минутты құрайды.
Мемлекеттік қызмет Агенттіктің немесе аумақтық бөлімшенің тестілеу әкімшісі жасайтын тестілеу кестесіне сәйкес көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Агенттіктің аумақтық органдарының жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Қызмет көрсету жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет Агенттіктің немесе аумақтық бөлімшенің арнайы жабдықталған тестілеу залында ұсынылады. Ғимаратқа кіру Агенттіктің немесе аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы қол қойған тізім бойынша жүзеге асырылады.
Тәртіпті сақтау және бұзушылықтардың алдын алу үшін тестілеу залында бейнебақылау жүргізіледі. Ғимараттың тәулік бойғы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализациясы бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін:
1) осы стандарттың 6-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар мемлекеттік орган жолдаған тізіммен салыстырып тексеру үшін мемлекеттік қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжаттың немесе төлқұжатының түпнұсқасын ұсынады;
2) осы стандарттың 6-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар:
Агенттік немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мекенжайына тестілеуге рұқсат алуға еркін нысанда жазылған өтініш;
денсаулық жағдайы туралы белгiленген нысандағы анықтама;
мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе паспортының түпнұсқасы мен көшірмесін (көрсетілген құжаттардың түпнұсқасы салыстырылып тексерілгеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады);
бiлiмi туралы құжаттардың нотариатта куәландырылған көшiрмелерiн;
еңбек кiтапшасының нотариатта не мемлекеттік органның кадр қызметі куәландырған көшiрмесiн ұсынады.
Тестілеу нәтижесінің қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе паспортының түпнұсқасы мен көшірмесі (көрсетілген құжаттардың түпнұсқасы салыстырылып тексерілгеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға сол жерде қайтарылады), сондай-ақ Агенттік не оның аумақтық бөлімшелерінің мекенжайына қайта өтініш білдіргенде тестілеу нәтижесінің телнұсқасын беру туралы еркін нысандағы өтініш ұсынылады.
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш Агенттік не оның аумақтық бөлімшелерінің мекенжайына еркін нысанда беріледі.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Агенттіктің немесе аумақтық бөлімшенің әкімшісіне осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдауды растау мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаушының тегі және аты-жөні көрсетіле отырып берілетін талон болып табылады.
15. Тестілеу нәтижесі мемлекеттік қызметті алушыға тестілеу аяқталғаннан кейін қолма-қол беріледі. Беру фактісі мемлекеттік қызметті алушының есеп журналында қол қоюымен растайды.
16. Мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алушының келмеуі немесе мемлекеттік қызметті алудан бас тартуы;
1) мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың немесе төлқұжатының болмауы;
2) осы стандарттың 6-тармағының 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген шекті мәннен төмен балғалар алған адамдар тестілеудің сол бағдарламасы бойынша үш ай мерзімнен бұрын мемлекеттік қызметті қайталап алуы;
4) осы стандарттың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шекті мәннен төмен бағалар алған адамдар тестілеудің сол бағдарламасы бойынша он күн мерзімнен бұрын мемлекеттік қызметті қайталап алуы;
5) тестілеуді өткізу тәртібін бұзуы (мемлекеттік қызметті алушылардың тестілеу кезінде сөйлесуіне және тестілеу өткізілетін үй-жайдан кетуіне болмайды; тестілеу уақытында қабылдаушы-жіберуші электрондық құрылғылар, оның ішінде дербес қалта компьютерлері мен өзге де электронды құрылғылар өшірілуі тиіс).
Өзін жайсыз сезінетін мемлекеттік қызмет алушылар бұл туралы тестілеу басталғанға дейін әкімшіге хабардар етуі тиіс.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Агенттіктің және аумақтық бөлімшенің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық; мемлекеттік қызмет көрсету бойынша толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Агенттіктің және аумақтық бөлімшенің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Агенттік төрағасының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі
20. Әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды дайындауға жәрдемдесу тәртібін Агенттіктің және аумақтық бөлімше кеңсесінің қызметкері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша түсіндіреді.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Агенттікке немесе аумақтық бөлімшеге жазбаша түрде почтамен не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қолма-қол беріледі. Шағым нысаны – Агенттіктің немесе аумақтық бөлімше басшысының атына жіберілетін жазбаша өтініш.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым Агенттікке немесе аумақтық бөлімшеге жазбаша түрде почтамен не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қолма-қол беріледі. Шағым нысаны – Агенттіктің немесе аумақтық бөлімше басшысының атына жіберілетін жазбаша өтініш.
23. Шағымды қараудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым жазбаша нысанда беріледі.
25. Шағымды қабылдауды растау шағым түсірген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алудың мерзімдері мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіле отырып берілетін талон болып табылады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау барысы туралы ақпарат осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефондар бойынша ұсынылады.

«Тестілеу» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның облыстар, Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшелерінің мекенжайлары мен жұмыс кестелері
Р/с №    Атауы    Мекенжайы    Телефон нөмірлері    Электрондық пошта мекенжайлары    Жұмыс кестесі
1    2    3    4    5    6
1.    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі    Астана қаласы,
Абай даңғылы, 33а    8(7172)
75-32-20
75-33-04
75-35-31    info@kyzmet.kz
Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
2.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы
бойынша басқармасы    Көкшетау қаласы,
Сәтбаев көшесі, 1, Б корпусы    8(7162)
25-71-19,
25-51-83,
25-32-64,
25-36-40    kokshetau@kyzmet.kz
Жұмыс күндері сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
3.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақтөбе облысы
бойынша басқармасы    Ақтөбе қаласы,
Әбілхайыр хан даңғылы, 40    8 (7132)
93-20-86
93-21-73
54-82-65
56-42-50
aktobe@kyzmet.kz    Жұмыс күндері:
сағат  9.00-ден 18.00-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.00-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
4.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы облысы
бойынша басқармасы    Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38    8(7282)
27-05-06,
27-14-54,
27-03-79,
27-30-71
27-05-43
27-21-40
taldykorgan@kyzmet.kz    Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
5.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Атырау облысы
бойынша басқармасы    Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77    8(7122)
32-11-88
35-45-28,
35-44-61,
27-09-69,
27-09-76    atyrau@kyzmet.kz    Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
6.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы    Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40    8(7132)
26-49-24
26-30-39    oskemen@kyzmet.kz
Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
7.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Жамбыл облысы
бойынша басқармасы    Тараз қаласы,
Абай көшесі, 125    8(7262)
43-26-09,
45-85-56,
43-24-57
43-05-36
43-49-97    taraz@ kyzmet.kz    Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
8.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы
бойынша басқармасы    Орал қаласы,
Достық көшесі, 201    8(7112)
51-24-04
51-38-94
50-59-14
oral@kyzmet.kz
Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.00-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.00-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
9.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қарағанды облысы
бойынша басқармасы    Қарағанды қаласы,
Бейбітшілік гүлзары даңғылы, 39    8(7212)
42-13-23,
42-11-47,
42-11-05
42-10-64
karagandy@ kyzmet.kz     Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
10.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қостанай облысы
бойынша басқармасы    Қостанай қаласы,
Қасымханов көшесі, 34    8(7142)
50-11-44,
50-04-27,
50-16-61    kostanay@kyzmet.kz    Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
11.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы
бойынша басқармасы    Қызылорда қаласы,
Жақаев көшесі, 76    8(7242)
27-02-76,
27-80-18
27-26-09
26-37-99    kyzylorda@kyzmet.kz    Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
12.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Маңғыстау облысы
бойынша басқармасы    Ақтау қаласы,
9-шағын ауданы, 23    8(7292)
42-83-42,
42-82-99    aktau@kyzmet.kz
Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
13.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Павлодар облысы
бойынша басқармасы    Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32    8(7182)
32-08-82,
32-72-72,
32-29-72    pavlodar@kyzmet.kz    Жұмыс күндері
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
14.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша басқармасы    Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58    8(7152)
36-04-95,
46-41-92,
46-51-53,
50-04-27    petropavl@kyzmet.kz
Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
15.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Оңтүстік Қазақстан облысы
бойынша басқармасы    Шымкент қаласы,
Тәуке хан даңғылы, 6    8(7252)
53-75-39,
53-00-26,
53-06-10,
53-06-24    shymkent@kyzmet.kz    Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі
16.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы
бойынша басқармасы    Алматы қаласы, Республика даңғылы, 4    8(7272)
71-66-99, 72-02-64, 72-13-06    almaty@kyzmet.kz
Жұмыс күндері:
сағат
9.00-ден 18.30-ға дейін,
үзіліс сағат
13.00-ден
14.30-ға дейін.
Демалыс күндері:
сенбі және жексенбі

«Тестілеу» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша

Кесте. Сапа мен нәтижелілік көрсеткіштерінің мәндері

Сапа мен нәтижелілік көрсеткіштері    Көрсеткіштің нормативтік мәні    Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні    Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1    2    3    4
1. Уақтылылығы
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)
2. Сапасы
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
3. Қол жетімділігі
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)
4. Шағымдану процесі
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
5. Сыпайылық
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№1687 қаулысымен бекітілген

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Агенттіктің облыстар, Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) көрсетеді.
2. Мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi (бұдан әрі – кадр резерві) туралы ереженің 26-тармағының негiзінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Агенттіктің www.kyzmet.kz интернет-ресурсында, www.kyzmet.kz интернет-ресурсында сілтемелер жасалған аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстарында орналастырылады.
5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нәтижесi кадр резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді (бұдан әрі – үзінді) беру не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Үзінді қағаз жеткізгіште жазбаша түрде ресімделеді.
6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы):
1) конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадр резервiне алуға ұсыным берген;
2) мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлаудық және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағандар және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтар;
3) кәсiби деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген;
4) аттестаттаудан өткен және аттестаттау комиссиялары кадр резервiне алуға ұсыным берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылатын азаматтарға көрсетiледі.
7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
1) мемлекеттік органнан мемлекеттік қызметті алушыны кадр резервіне алуға ұсыным беру туралы конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан осы стандарттың 6-тармағының 1) тармақ­шасында көрсетілген үзінді келіп түскен сәттен бастап – 7 жұмыс күні ішінде;
2) осы стандарттың 6-тармағының 2), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардан осы стан­дарт­тың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар ұсынылған сәттен бастап – 10 жұмыс күнi ішінде;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші өтінім берген күні кезекте күтуге рұқсат берілетін ең көп уақыт – 30 минут;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға өтініш беруші өтінім берген күні қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең көп уақыт – 30 минут.
8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетіледі.
9. Агенттіктің жұмыс кестесі – демалыс және 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін күн сайын көрсетіледі.
Агенттіктің аумақтық органдарының жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
Қызмет көрсету жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет Агенттіктің немесе аумақтық бөлімшенің ғимаратында жүзеге асырылады. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру бөлек кіреберісі бар рұқсаттама бюросында берілетін біржолғы рұқсат қағазы бойынша жүзеге асырылады.
Ғимаратта тәулік бойғы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және өзге де қауіпсіздік шаралары бар.
Дәлізде үстелдер, орындықтар, өтініш үлгілері орналастырылған ақпараттық стенділер бар.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін:
1) осы стандарттың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдарға қатысты конкурс өткізген мемлекеттік орган:
мемлекеттік қызметті алушының кадр резервіне алуға жазбаша келісімі;
әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр резервіне алу үшін ұсыным беру туралы конкурстық комиссия отырысы хаттамасынан үзінді;
мемлекеттік қызметті алушының жеке ісін ұсынады;
2) осы стандарттың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар:
өтiнiш және Агенттік белгiлеген нысан бойынша толтырылған сауалнама;
кадрларды есепке алу жөнiндегi толтырылған жеке іс парағын (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң тиiстi санаттағы лауазымдары үшiн белгiленген тестілерден өту нәтижелерiн;
3×4 см көлемдегi екі фотосурет ұсынады;
3) осы стандарттың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар:
оларды жұмыстан босату және халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберу туралы бұйрықтардан үзінді көшiрмелер;
өтiнiш және Агенттік белгiлеген нысан бойынша толтырылған сауалнама;
кадрларды есепке алу жөнiндегi толтырылған жеке іс парағын (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып);
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң тиiстi санаттағы лауазымдары үшiн белгiленген тестілерден өту нәтижелерiн;
3×4 см көлемдегi екi фотосуретін ұсынады;
4) осы стандарттың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға қатысты аттестаттау жүргізген мемлекеттiк орган:
аттестаттау комиссиясының шешiмiн бекiту туралы бұйрықтан үзінді;
Агенттік белгiлеген нысан бойынша мемлекеттік қызметті алушының өтiнiшін;
мемлекеттiк органның кадр қызметi куәландырған кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке iс парағын ұсынады.
12. Өтініш және сауалнама бланкілерін Агенттіктен, аумақтық бөлімшеден немесе www.kyzmet.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
13. 11-тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдауды осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Агенттік немесе аумақтық бөлімше кеңсесі жүзеге асырады.
14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдауды растау мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаушының тегі және аты-жөні көрсетіле отырып берілетін талон болып табылады.
15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесі қолма-қол немесе пошта арқылы жіберіледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынудан бас тартуға:
мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдардың тиiстi санатына қойылатын үлгілік бiлiктiлiк талаптарына сай болмауы;
тестілеудің шекті мәнінен қанағаттанарлықсыз нәтиже;
3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары
17. Агенттіктің және аумақтық бөлімшенің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылық; мемлекеттік қызмет көрсету бойынша толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Агенттіктің және аумақтық бөлімшенің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Агенттік төрағасының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі
20. Әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану және шағымды дайындауға жәрдемдесу тәртібін Агенттіктің және аумақтық бөлімше кеңсесінің қызметкері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша түсіндіреді.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Агенттікке немесе аумақтық бөлімшеге жазбаша түрде почтамен не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қолма-қол беріледі. Шағым нысаны – Агенттіктің немесе аумақтық бөлімше басшысының атына жіберілетін жазбаша өтініш.
22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым Агенттікке немесе аумақтық бөлімшеге жазбаша түрде почтамен не осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қолма-қол беріледі. Шағым нысаны – Агенттіктің немесе аумақтық бөлімше басшысының атына жіберілетін жазбаша өтініш.
23. Шағымды қараудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағым жазбаша нысанда беріледі.
25. Шағымды қабылдауды растау шағым түсірген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні, шағымға жауап алудың мерзімдері мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіле отырып берілетін талон болып табылады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау барысы туралы ақпарат осы стандарттың 1-қосымшада көрсетілген телефондары бойынша ұсынылады.

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және
оның облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық
басқармаларының мекенжайлары мен жұмыс кестелері
Р/с №    Атауы    Мекенжайы    Телефон нөмірле
рі    Электрондық пошта мекенжайлары    Жұмыс кестесі
1    2    3    4    5    6
1.    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі    Астана қаласы,
Абай даңғылы 33а    8(7172)
75-32-20
75-33-04
75-35-31    info@kyzmet.kz
Жұмыс күндері:сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі
2.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Ақмола облысы
бойынша басқармасы    Көкшетау қаласы,
Сәтбаев көшесі, 1
Б корпусы    8(7162)
25-71-19,
25-51-83,
25-32-64,
25-36-40    kokshetau@kyzmet.kz
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі
3.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысы бойынша басқармасы    Ақтөбе қаласы,
Әбілхайыр хан даңғылы, 40    8 (7132)
93-20-86
93-21-73
54-82-65
56-42-50
aktobe@kyzmet.kz    Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін,үзіліс сағат 13.00-ден 13.00-ден 14.00-ға дейін. Демалыс күндері:сенбі және жексенбі
4.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Алматы облысы
бойынша басқармасы    Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38    8(7282)
27-05-06,
27-14-54,
27-03-79,
27-30-71
27-05-43
27-21-40    taldykorgan@kyzmet.kz    Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері:сенбі және жексенбі
5.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Атырау облысы
бойынша басқармасы    Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77    8(7122)
32-11-88
35-45-28,
35-44-61,
27-09-69,
27-09-76    atyrau@kyzmet.kz    Жұмыс күндері:сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.Демалыс күндері: сенбі және жексенбі
6.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Шығыс Қазақстан облысы
бойынша басқармасы    Өскемен қаласы, Горький көшесі, 40    8(7132)
26-49-24
26-30-39    oskemen@kyzmet.kz
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін,үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі
7.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Жамбыл облысы
бойынша басқармасы    Тараз қаласы,
Абай көшесі, 125    8(7262)
43-26-09,
45-85-56,
43-24-57
43-05-36
43-49-97    taraz@ kyzmet.kz    Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері:сенбі және жексенбі
8.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы
бойынша басқармасы    Орал қаласы,
Достық көшесі, 201    8(7112)
51-24-04
51-38-94
50-59-14
oral@kyzmet.kz
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін. Демалыс күндері:сенбі және жексенбі
9.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Қарағанды облысы
бойынша басқармасы    Қарағанды қаласы,
Бейбітшілік гүлзары даңғылы, 39    8(7212)
42-13-23,
42-11-47,
42-11-05
42-10-64
karagandy@ kyzmet.kz    Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері:сенбі және жексенбі
10.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Қостанай облысы
бойынша басқармасы    Қостанай қаласы,
Қасымханов көшесі, 34    8(7142)
50-11-44,
50-04-27,
50-16-61
kostanay@kyzmet.kz    Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі
11.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Қызылорда облысы
бойынша басқармасы    Қызылорда қаласы,
Жақаев көшесі, 76    8(7242)
27-02-76,
27-80-18
27-26-09
26-37-99    kyzylorda@kyzmet.kz    Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері:сенбі және жексенбі
12.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Маңғыстау облысы
бойынша басқармасы    Ақтау қаласы,
9-шағын ауданы, 23    8(7292)
42-83-42,
42-82-99    aktau@kyzmet.kz
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері:сенбі және жексенбі
13.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Павлодар облысы
бойынша басқармасы    Павлодар қаласы,
Қайырбаев көшесі, 32    8(7182)
32-08-82,
32-72-72,
32-29-72    pavlodar@kyzmet.kz    Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері:сенбі және жексенбі
14.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша басқармасы    Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58    8(7152) 36-04-95, 46-41-92, 46-51-53, 50-04-27    petropavl@kyzmet.kz
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері:сенбі және жексенбі
15.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Оңтүстік Қазақстан облысы
бойынша басқармасы    Шымкент қаласы,
Тәуке хан даңғылы, 6    8(7252) 53-75-39, 53-00-26, 53-06-10, 53-06-24    shymkent@kyzmet.kz    Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі
16.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Астана қаласы
бойынша басқармасы    Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11    8(7172)
55-67-81,
55-73-00    astana@kyzmet.kz    Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері:сенбі және жексенбі
17.    Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет
істері агенттігінің
Алматы қаласы
бойынша басқармасы    Алматы қаласы, Республика даңғылы, 4    8(7272)
71-66-99, 72-02-64, 72-13-06    almaty@kyzmet.kz
Жұмыс күндері: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Кесте. Сапа мен нәтижелілік көрсеткіштерінің мәндері
Сапа мен нәтижелілік көрсеткіштері    Көрсеткіштің нормативтік мәні    Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні    Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні
1    2    3    4
1. Уақтылылығы
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)
2. Сапасы
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
3. Қол жетімділігі
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)
4. Шағымдану процесі
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)
5. Сыпайылық
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№1687 қаулысымен бекітілген

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (бұдан әрі – Академия) Астана қаласы, Абай даңғылы, 33 а; Бейбітшілік көшесі, 46 мекенжайы бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдары, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысы (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Академияның www.pa-academy.kz интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ 8 (7172) 75-31-32, 75-31-17 телефондары бойынша ұсынылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың қатарына алу туралы бұйрықтан жазбаша түрде үзінді (бұдан әрі – үзінді) не мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады

Соңғы жаңалықтар