Қазақстан • 07 Қазан, 2019

ШЫҰ-ның телеаналары Қазақстанда трансляцияланады

637 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл Қаулы Премьер-Министр Асқар Мамин қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізілмек. Келісімнің 4-бабына сәйкес, әрбір мемлекет Қазақстан екінші мүше мемлекеттің, соның ішінде Қытайдың заңдық жүйеде таратылатын теле және радио бағдарламаларын, хабарларын өз аумағында трансляциялауға, сонымен қатар, қытайлық редакциялардың заңды негіздерде материалдар мен хабарламаларды беруіне жәрдем көрсетуге міндеттеме алады.

ШЫҰ-ның телеаналары Қазақстанда трансляцияланады

Әділдік үшін айта кетелік, бұл құжатқа Қазақстан мен ҚХР сыртында Үндістан, Қырғызстан, Пәкістан Ислам республикасы, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері де қол қойған.

Бұл біздің телесаясатымызды өзге елдермен салыстыруға болмайды. Ел көлемінде Ресейдің, оңтүстікте өзбек телеарналары көрсетіледі. Ал Қытай шекарасына жақындап қалсаң, телевизия ғана емес, ұялы телефон да қытай тілінде сайрап қоя береді.   Отандық телеарналар «Bollywood», «Индия ТВ», «Индийское кино» секілді үнді телеарналары жылдар бойы өз өнімін ұсынып келеді. Бұл ретте біздің телеарналар алыс-жақын көршілердің көгілдір жәшіктерімен «интеграциялануды» көштен бұрын бастап жіберген.

Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан арналарының кең таралуы сонша қорқыныш туғызбайды. Себебі ТМД аясында осыған ұқсас келісім бекітілді. Бірақ соңғы нәтижеде Ресей арналарының басымдыққа ие болғаны белгілі. «1 канал», «Россия 24», «Мир», «Россия-Культура» тәрізді телеарналары тәуелсіздіктен кейінгі жылдары да жұмыс істеді. Кейінірек «Отау ТВ» ұлттық цифрлық телевизиясы көрсетуі міндет телеарналар пакетіне кіріп алып, жұмыстарын жалғастыра берді. Күні кеше ғана Үкіметбасы бекіткен келісімшартта «Тараптардың әрқайсысы өзара негізде басқа тарап мемлекетінің бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларының аккредиттелген өкілдеріне іскерлік байланыстар орнату мен ақпараттық материалдарды, телевизиялық репортаждарды және т.б. дайындауды қоса алғанда, өздерінің кәсіби міндеттерін орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға жәрдем көрсетеді. Олардың БАҚ редакцияларының корреспонденттік пункттерінің қызметіне жәрдем көрсетеді» деген жолдар бар. Тіпті кейбір елдердің сұрауымен тиісті бап та енгізіліпті: ол тараптардың әрқайсысы болжамды шығу күніне дейін кемінде 90 күн бұрын депозитарийге бұл туралы жазбаша нысанда хабарлама жібере отырып, осы келісімнен шыға алатынын және депозитарий аталмыш хабарламаны алған күннен бастап 30 күн ішінде осындай ниет туралы басқа тараптарға хабарлауды міндеттейтінін жазған.  Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы осы келісімнің депозитарийі болып табылады.

Келісім орыс және қытай тілдерінде жасалды әрі «екі мәтіннің де күші бірдей» екені нақты айтылған. Мұндай уағдаластық ШЫҰ-ға кіретін мемлекеттер халықтарының өмірі туралы өзара білімдерін одан әрі тереңдету мақсатында бекітіліп отырғаны баяндалады.

Демек, ШЫҰ-ның Орталық Азиядағы орны мен ықпалының екінші кезеңі басталды. «Біз бұған қандай дайындықпен келдік» деген сауалдың жауабы жыл аяғына дейін белгілі болып қалады.

Алматы