Спорт • 07 Қазан, 2019

Алматы қаласында «Адал жүрек» қайырымдылық марафоны өтті

368 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласында 5 қазан күні өткен  қайырымдылық марафоны өтті.Оған  2400 метр қашықтықты жүгіруге 2 мыңға жуық  қала тұрғындары қатысты.  

Алматы қаласында «Адал жүрек» қайырымдылық марафоны өтті

«Адал жүрек» акциясын Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Алматы қаласы әкімдігі және «Almaty Sports» әлеуметтік жобасы ұйымдастырған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Республиканың әрбір қаласында жүргізіліп жатқан қайырымдылық марафоны сенбі күні еліміздің оңтүстік астанасындағы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саябағында» өтті.  Олардың ішінде мектеп оқушылары, студенттер, бизнесмендер, профессорлар және қоғам қайраткерлері де бар. «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің негізгі мақсаты - білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты жеңуге көмектесу және осы өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру болып табылады. Сондықтан біз күнделікті студенттермен, жастармен жұмыс жасаймыз. Соған байланысты осы қайырымдылық марафонына жас біздің азаматтарды қатыстыруға көмектестік», – деді  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «саналы ұрпақ» Республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан  Тоқушев.

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмектесу мақсатында «Балаларға өмір сыйла» жобасы арқылы 1783 баланың өмірі құтқарылған. Ал, осындай мерекелік іс-шаралар, қайырымдылық жасау арқылы қорға 3 жарым млрд теңге жиналған.

«Балаларға өмір сыйла" жобасында біз диагнозы Қазақстанда емделуге келмейтін, тек шетелде ғана емдеу қажеттілігі бар науқас  балаларға көмек көрсетеміз. Бірақ, бақытымызға орай, елімізіде мұндай науқас балалар көп емес. Әрдайым белгілі бір уақытта сайтымыздың қайырымдылық қорында 60-70 балаға арналған ақша жиналады. Сондықтан, біз балаларға көмектескендердің барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз», – деді «Дом» қоғамдық қорының директоры Аружан Саин.

Аружан Саинның айтуы бойынша әрбір азамат смс арқылы немесе банк карточкасына ақша салу арқылы науқас балалардың өмірін құтқарып қалуға ат салыса алады және өздерінің аударған ақшаларын сайт арқылы кімге, қашан және қай уақытта жібергенін қадағалап отыруға мүмкіндік бар. Марафонға қатысуға келгендер мұндай шараның денсаулық үшін де, сауап үшінде үлкен іс екенін айтады.