Қоғам • 09 Қазан, 2019

Мұнайлы ауданы бойынша 3 089 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленуде

415 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Гүлбақыт Ақниязова мәлімдеді.

Мұнайлы ауданы бойынша 3 089 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленуде

-Мұнайлы ауданы бойынша 3 089 отбасы, яғни 17 411 адам атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Осы мақсаттарға 1 14,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасы бойынша көп балалы атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасыларға 100 мың теңгеден бір жолғы жәрдемақы тағайындалуда. 27.09.2019 жыл жағдайына жалпы барлығы 1605 отбасына 100 мың теңгеден барлығы 160,5 млн теңге төленді. 27 қыркүйек жағдайына аудан бойынша 3 089 отбасы 17 411 адам атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Осы мақсаттарға 1 141,0 мың теңге әлеуметтік көмек төленді.

Мұнайлы ауданы бойынша табысы жоғары (кірісті жасыру фактілер) кәсіпкерлер саны – 25 адам болса, табысы 10 млн жоғары кәсіпкерлер саны - 6 адам.

Барлық 6 кәсіпкерге атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тоқтатылды.

Табысы 1 млн жоғары кәсіпкерлер саны - 19 адам. Оның ішінде 1 кәсіпкер 200 000 теңге қаражатты бюджетке кері қайтарды.

1 тоқсан жағдайына тоқтатылған 14 адамның ішінде 12 адамның атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылып, 2 адамның алимент төлейтіндігі анықталды.

2 тоқсан жағдайына табысы өзгерген 174 адамның ішінде 5 кәсіпкер әлеуметтік көмектен өз еркімен бас тартып, 9 адамның ақшасына қайта есептеу жүргізілді, атаулы әлеуметтік көмек уақытша тоқтатылғандар-2 адам (жеке кәсіпкерлердің тапсырған салық есептіліктері тексерілуде), 158 адам ақшасын қайтаратындарды құрайды.

Заңсыз тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны – 208 адам. Күні бүгінде 28 адам 3 847,8 мың теңгені бюджетке кері қайтарды, деп мәлімдеді Гүлбақыт Ақниязова.

Оның айтуынша, «Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған 60 баланың басқа қалаларда оқитындығы анықталды оның ішінде 16 балаға атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылды.

Тексеру барысында 24 баланың Мұнайлы ауданында оқитындығы анықталып, 20 баланың деректерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. 4 баланың отбасы төленген қаржыны бюджетке кері қайтарды.

Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған адамдардың ішіндегі жұмысқа қабілетті мүшелері бар отбасылар саны - 5090 құрайды. Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа -329 адам, әлеуметтік жұмысқа -22 адам, қоғамдық жұмысқа -26 адам, қысқа мерзімді курстарға - 6 адам жолданды.

Сонымен қатар 4 247 көп балалы отбасыларға тегін жол жүру куәлігі берілді, оның ішінде 47 ана Алтын алқа, 354 ана Күміс алқа иегерлері.