Саясат • 09 Қазан, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына елдегі қылмыстық ахуал және министрліктің құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат ұсынылды. Бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Ішкі істер министрінің мәліметі бойынша, 2019 жылы қылмыс 15% төмендеген. Ауыр қылмыстарды ашу деңгейі 77,5% құраса, аса ауыр қылмыстар бойынша көрсеткіш - 88%.

Сонымен қатар, Е.Тұрғымбаев Елбасына ішкі істер органдарын реформалау аясында полицияға халықтың сенімін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру барысы туралы мәлімет берді.