Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті» деп атап көрсеткені баршаға мәлім. Әлбетте, Қазақстан тарихын әлем тарихынан бөле қарастыруға болмайды. Керісінше де солай.

Мысалы, бір ғана жусанды алайықшы. Бір қарағанда, бұл қазақ қана білетін өсімдік секілді көрінеді. Шынтуайтында, ол бізде ғана емес, Еуропада да, Африкада да, Америкада да өседі емес пе? Дегенмен, әлемде оның қадіріне жеткен, киесін ұғынған бір халық болса, ол қазақ қана секілді. Қазақ десек дала, дала десек жусан тіл ұшына орала кетері бар. Жусан жұпарлы, жусан рухты елміз-ау. Шөптесін ішінде жүрегімізге, жанымызға жақыны осы. Бейнебір бойтұмарымыз секілді. Әлмисақтан бері солай ғой! Осы тұрғыдағы ойланып, толғануымның өзі жуырда орыс ақыны Аполлон Майковтың (1821-1897) «Жусан туралы аңыз» балладасы жайлы телехабарды тыңдап, танысуымнан басталды. Ол бұл туындысына өзек болған оқиғаны Ипатевский тізіміндегі Волынь шежіресінен жазып алған екен. Баллада даланың қасиет, киесі мен көне тарихты қайта жаңғыртуымен де құнды. Автордың орыс жылнамашысы дерегіне сүйене жазып, 1875 жылы жариялаған осы еңбегі арқылы жусан (емшан) өзге халықтарға да кең танылды десе де болады.
«Бұл жусанның кепкен шашақ-сабағы, қураса да исі мұрын жарады. Көз алдымда – кең даланың өткені, сағым болып сыр жасырып барады» деп басталатын хамса-жырда қыпшақтарға орыс князі В. Монамахтың ойсырата соққы беруінен соң, Сары ханның теперіш көрген ұлдарының бірі Артықтың (Атрак) 40 мың ержүрек сарбазымен арадағы келісімге сай күйеу баласы Грузия ханы Давидке барып болысып, селжүктерді жеңгені, сөйтіп Тбилисиде төрт ғасырға созылған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» орнауына септескені жөнінде жазылады. Артық бастаған қыпшақ жауынгерлері жер бөлініп берілген соң, сол жақта жергілікті тұрғындармен құдандалы болып, нық орнығып та қалады. Бұл XII ғасырда болған жайт қой!
1125 жылы Владимир Монамах өмірден озады да, осыған байланысты қыпшақтар ежелгі жауларында кеткен кекті қайтаруға ниет еткен. Донда қалған бауыры Орда ханы Сырчан «Елге қайтсын. Оған қыпшақ әндерін орында. Болмаса жусанды бер, иіскесін!» деп Ор деген әншіге қатты тапсырып, Артық ханға хабаршылыққа жібереді. Бұл кезде жергілікті тұрғындармен құдандалы болып, шалқып-тасып өмір сүріп жатқан Артық хабаршының уәжіне көне қоймайды. Араға аз уақыт салып, ағайындары алдына тағы барған. Бұл жолы да олардың қолында туған өлкесінен апарған бір бума жусан болыпты. Соны құшырлана иіскеген Артық хан көзіне жас алып, туған Отанына қайтуға шешім қабылдапты! Аталмыш балладада ол осыған байланысты «Жат өлкеде билік пен даңқ қуғанша, өз елімде өлсем, маған сол керек!» деп толғанады. Бір бума жусан, оның жұпарлы исі Артықтай асылзаданың ержүрек жауынгерлерін (біразы сонда қалып қояды) бастап, туған жеріне қайта оралуына мәжбүр еткен. Майков туындысының негізгі арқау-тіні де осы.
Не нәрсенің де қадірін, қасиетін тани аларлық, ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра аларлық зеректік, сұңғылалық, ұғымталдық секілді қанға сіңді қасиеттерімізден де болар. Қалай десек те халқымыз үшін жусанның орны ерекше-ақ. Қазақ қазақ болып жаралғалы бері солай. Сол бағзыдан бойымызда бар түсінік-түйсігіміз бекерге шықпапты, бүгінде бұл өсімдікке қызығушылық, әуестік әлемнің басын айналдырып тұр десе де болады. Жуырда ғаламтордан оқыдық. Калифорния университетінің ғалымдары ғылыми тілде «Artemisia Annua» деп аталатын өсімдік бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайызын бірден жойып жіберуге қабілетті екенін анықтапты. Ал әлгі құдіретке ие құнды дәріңіз кәдімгі жусаннан жасалған!
Жусаннан мұндай мықты дәрі әзірленетіндігін шынында да қазақстан-дықтардың көбі білмейді. Сондықтан қазақ даласының көркін кіргізген, саф ауасын жұпар иіске бөлеген жусанның сырына, құпия-астарына тағы бір мұқият үңілуімізге тура келеді-ау.
Жалпы, ғалымдар бұл өсімдіктің әлемде бірнеше жүздеген түрі барын алға тартады. Ал біздегісі қай түрі, қаншалықты қасиеті бар? Мұны мамандар айта жатар. «Қазақстан табиғаты» көптомдық энциклопедиясында еліміздің барлық жерінде – шөл, шөлейтті далада, таулы өңірлерде өсетін 81 түрі бар екені жазылған екен. Осы кітапта оған «Жусан (лат. Artemisia) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық, кейде бір не екіжылдық шөптесін өсімдіктер не шала бұта. Жусанның биіктігі – 10-60 см, кейде 1,5-2 метрдей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанының жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны қан тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі де (таврий жусаны) кездеседі, оны мал жемейді. Жусан құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан да (тамыржусан) өсіреді» деп анықтама берілген. Жусанның бір ерекшелігі – жауын-шашын жеткіліксіз жерлерде де өсе беретіндігі.
Жусанның көптеген түрінің маңызын халқымыз ерте кезден біліп, дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланып келгені белгілі. Жусанның жұпар иісі туралы және ол қазақ даласының қасиетті өсімдігі екендігі жайында аңыз-әңгімелер де көп-ақ. «Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме» деген халық нақылы да текке айтылмаған болуы керек. Тіпті Ескелді би бабамыздан қалған «Изен, жусан болмаса, шөпте береке болмайды, ауызбірлік болмаса, көпте береке болмайды» деген сөздің де жаны жоқ емес. Кезінде Мысырды билеген Бейбарыс бабамыз да туған елден жусан мен жусан иісі бұрқыраған қымыз алдырып ішкен көрінеді. Ертеде халқымыз құяң ауруымен ауырған адамдардың белін күнжіт майымен немесе керосинге қосылған дәрмене тұнбасымен емдеген деп те естиміз.
Қысқасы, қазекең сан ықылым замандар бойы бұл өсімдіктің әбден сырын біліп, сынын түйді десек те болады. Мысалы, оның ауызекі тілде көп таралған ақ жусан, арам жусан, арқар жусан, ащы жусан, боз жусан, бөрте жусан, кермек жусан, құм жусан, қызыл жусан, сұр жусан, қара жусан, қасқа жусан, шағыр жусан деген түрлері де бар. Демек, бұл өсімдік түрін ізерлеп зерттеген де, түрлі сынақтан өткізген де басқа емес, өзіміз. Ендеше, неге оны жаһанға жария ете алмай отырмыз?
Жусанның қадірін білетін қазақ үшін оны ұдайы насихаттау төл міндетіміз болуы тиіс. Жусанды кино түсіру барысында да насихаттау арқылы ұтатын тұсымыз көп. Амал қанша атыс-шабыс, махаббат пен машақатқа құрылған сериалдар сананы жусанмен емес, басқа нәрселердің исімен улап жатқаны анық.
Осы орайда аузымызды қу шөппен сүрте бермей, жетістігімізді де айта кетейік. Бұрынырақта еліміздің орталық аймағында өсетін тықыр жусаннан қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылатын «Арглабин», дәрмене жусанынан ішек құртын түсіруге арналған «Сантонин» дәрілері, «Қазақ даласының хош иісі» атты жоба аясында «Жусан» иіссуы секілді отандық өнімдеріміз өндіріле бастағаны есімізде. Олардың қазіргі жайы қалай болып жатқанынан хабарсызбыз. Ал дәрмене жусанына келсек, бұл өсімдік түрі шағын аумақта ғана өседі және сирек кездесетіндіктен қатаң қорғауды қажет етеді. Жусанның бұл түрі 1981 жылы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Жусанның емдік қасиеті, ерекше құдіреті ескеріліп, ертеректе Олимпиада ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін рәсім болған екен. Римдіктер жусан тұнбасын асқазан ауруларын емдеуге де пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқкиімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тәбетті арттырады деп есептейді. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. Бір нәрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз, көңіліңіз орнығады екен. Ұйқысыздыққа ұшырағанда жастығыңыздың астына жусан қойсаңыз, көзіңіз тез ілінетін көрінеді. Жусан бөлмедегі ауаны тазартып, жүйкені тыныштандыруға септеседі. Тіпті моншаға түсерде жусан жапырақтарын пайдалануға болады деседі білетіндер. Ауыз шаюға керекті тұнбаны да бір ас қасық жусанды бір стакан қайнаған суға бұқтырып дайындап қойса, оның еш артықтығы жоқ.
Осы секілді пайдалы деректер жусанға деген түсінікті, көзқарасты, ұс-танымды түбегейлі өзгертеді деген ойдамыз. Даланың сәні мен әніне айналған жусанға бүйрегіміздің бұрып тұруының өзі ұлттық ерекшелікпен қатар, бағалы өсімдіктің бағасын білуімізде жатса керек-ті. Амал қанша, жас ұрпақ бүгінде жусан иісін ұмытып бара жатқандай. Аға буынның жусанға қарайтын уақыты жоқ. Келешектің кереметтері жусанмен байланыстырыла бастағанда, біз кең-байтақ даламызда өсетін өсімдіктің тағдырына алаңдамайтын да секілдіміз. Анау Америка қатерлі ісікке қарсы жусанды пайдалана бастап еді, бәріміз жарыса жаздық. Сол жусаныңыз жуас қазаққа баяғыдан белгілі. Ендеше, оның неге қадіріне жетпей жүрміз. Жусаннан жасалған дәрілерді жұртқа неге жария етпейміз? Пайдалы өсімдікті қаншалықты қорғап жатқанымызды неге ашық айтпаймыз? Жалпы, жусанды жұрт жақсы көреді. Бірақ соны қаншалықты дәлелдеп жүрміз?
Рас, далаға барсақ, ең әуелі жусан үзіп иіскейміз. Басқа шөптің жоқтығынан емес. Аңсарыңды, сағыныш-мауқыңды басатындығы, рухыңды көтеріп, бойыңа жігер дарытқандай болатындығы, даламен тікелей байланысқа түсіретіндігі үшін. Маған да одан таза, одан әдемі өсімдік жоқ секілді көрінеді. Жусанды әредікте қала ішінен, жол жиегінен кездестіріп қаламын. Сол сәтте менің көзіме олардың сары далада жаңбыр суы шайып, күннің нұры аймалап, бой сала өсіп тұрғаны елестейді. Қырды жұпарымен желпитіні ше... Ауылдан қазақтың, жусанның исі есетіндей...
Баймаханбет АХМЕТ,
қазақ журналистикасының қайраткері
Жамбыл облысы,
Талас ауданы
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Бүгін, 14:26
Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту жоспарымен бөлісті
Қоғам • Бүгін, 13:14
Ақпаратқа мемлекеттің түбегейлі монополиясы жоқ – Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:56
Азаматтық ұйымдар жеке бастың емес, қоғам игілігі үшін қызмет етеді - Аида Балаева
Қоғам • Бүгін, 12:53
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Қазақстан • Бүгін, 12:45
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Сенатор Күрішбаев сауда орталықтары үшін алдын-ала белгіленген бағалардың дұрыстығына күмәнданады
Парламент • Бүгін, 12:15
Экономика • Бүгін, 11:45
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 11:04
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Бүгін, 10:33
Өлтіріп кеткен: Алматы облысында пәтерден 3 адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Еңбек министрлігі зейнетақы ақшасына автокөлік сатып алу туралы ұсынысқа жауап берді
Экономика • Бүгін, 09:45
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Бүгін, 09:20
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • Кеше
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • Кеше
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • Кеше
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Кеше
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • Кеше
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • Кеше
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • Кеше
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • Кеше
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • Кеше
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • Кеше
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • Кеше
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • Кеше
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Кеше
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар