Медицина • 11 Қазан, 2019

Вейпингтен бас тартуды ұсынады

464 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы АҚШ-тағы эпидемияға байланысты қазақстандықтарға вейпингтен бас тартуды ұсынады.

Вейпингтен бас тартуды ұсынады

АҚШ-та электронды темекіл­ер­ді шеккен адам өлімінің бесін­ші жағдайы тіркелді. АҚШ Ден­саулық сақтау министрлігі электронды темекіні пайдаланудан пай­­да болатын белгісіз ауруға бай­­ланысты, адамдарды одан бас тар­­туға шақырды. Бүгінгі таңда вей­пингке байланысты тыныс алу жүйе­сінің проблемасымен емдеуге жатқызылған 500-ден аса жағдай тіркелген.

Айрықша таралған ауру бел­гілері жөтел, кеуденің ауыр­сынуы, ауаның жетіспеуі, қал­тырау, бас ауруы, естен танып қалу, диарея, анорексия, сал­мақ жоғалту және басқа да жағ­дайлар болды.

Бронхоскопия бұл аурудың жұқ­­палы емес екендігін анық­тауға мүм­кіндік берді. Рентгено­грам­ма өкпенің астыңғы бө­лігінің күң­­гірт­тенгенін, ком­пью­­терлік то­­мография – өкпе альвеолары үл­піл­делігінің тө­мен­дегенін көр­сетті.

Әуел бастан электронды те­ме­кілер мен вейперлер шылым шегуді тастауға немесе 18 жас­тан жоғары адамдар үшін зиянды әдеттің залалын төмендетуге көмек­тесетін құрал ретінде ұсы­нылған. Алайда, соңғы жылдары бұл мектеп оқушылары мен жас­тар арасында кеңінен таралды. Ғалым­дардың жас вейперлерге жүргізген жарты жылдық ба­қылау нәтижесі көрсеткендей, олар­дың 25%-ы жиі темекі шеге бастаса, тағы 21%-ы ара-тұра шы­­лым шеге бастады. Салыс­­ты­ру үшін айтсақ, вейпингпен әуес­тенбегендердің арасында те­ме­­кілерге құмарпазданған мектеп оқушыларының үлесі gazeta.ru деректері бойынша барлығы 2%-ды құраған.

Вейптің негізгі компоненттері – никотин, пропиленгликоль – Е1520 тағамдық қоспасы, глицерин, су және иістендіргіштер (ароматизаторлар). Электронды темекілерді пайдаланатын жас адамдар басқаларға қарағанда қара­пайым темекілерді жиі ше­ге бастайтынын ғалымдар белгі­леп өткен. Бұдан бөлек, Гар­вард ғалымдары электронды теме­кілерге арналған бірреттік картридждердің 75 белгілі маркасы мен вейптерге қайта құятын сұйықтықтарды зерттеген болатын. Осылайша демікпені, өкпенің қабынуы мен қызметін төмен­дететін ауруларды туды­ратын бактериялық және зеңдік токсиндердің іздерін анықтаған, бұл шамамен 30% және 80%-да сәйкес келіп жатады. Бактерия­лық токсиндер жеміс дәмі бар вейп­терде жиі кездесті, ал зеңдік ток­синдер – темекі және ментол иісі бар толтырмаларда кездесті.

Никотин – обырды, жүрек-қантамыр ауруларын тудыратын өте қауіпті уытты компонент, ең қауіптісі, никотиндік тә­­уел­­ділікке әкеледі. Сондай-ақ ағ­заның никотинмен улану қау­пі өте жоғары. Өйткені вейпер, шегіп жатқан құралының қауіп­сіз екендігіне сеніп оны шегу мөлшерлемесін көбейтуі әб­ден мүмкін. Темекіде никотин аз болған сайын, оны шегу жиі­лігі мен тереңдігі көбірек болады. Шылымқор адам ағзаны никотиннің белгілі мөлшерімен қандыруға ұмтылады, яғни қа­лаған психологиялық әсерге қол жеткізгісі келеді: күштің пай­да болуы, тыныштандыратын се­зім және т.б.

Темекі иістендіргіштерінде қарапайым шылым шегу сезімін барынша беретін дәмдердің үлкен спектрі бар. Бірақ көп иіс­тендіргіштерде оның қауіп­сіз­дігі мен құрамын растайтын қажетті құжаттамалары жоқ. Қоспаның құрамына, шы­лым­­­қордың физиологиялық ерек­шеліктеріне қарай тәбеттің жоға­луына, ұйқы проблемаларына, эмоционалдық жағдайдың тө­мендеуіне және ағзаның им­мун­­дық сапасының нашарлауы­на әкеледі. Бронх жүйесінің түр­лі патологияларының пайда болу қаупі бар. Сондай-ақ пси­хо­­логиялық (никотиндік қос­паларды пайдаланғанда), кей­бір жағдайларда физикалық дең­гейлерде қалыптасқан тәуел­діліктің пайда болуына әкеледі.

Бүгінгі таңда орын алған жағ­­дайларға байланысты, әлем ғалымдары Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымымен бірлесіп электронды темекілердің адам денсаулығына тигізетін залалын зерделеуде, алайда, біз өзімізді және балаларымызды АҚШ-та болған эпидемияға ұқсас жағдай­дан қорғауымыз қажет.

Осыған байланысты, Қоғам­дық денсаулық сақтау ұлттық орта­лығы қазақстандықтарға элек­тронды темекілерден бас тар­ту мүмкіндігін қарастыруды ұсы­нады. Вейптерді қауіпсіз деп санауға болмайды. Оның құ­рамында канцерогендермен бірге ағзаны улайтын әлеуетті зиянды қосындылар мен уытты қоспалар бар, сондай-ақ металл іздері – немесе қыздыр­ғыш элементтің, темекі құрылғы­сы­ның басқа бөлігінің іздері бар. Бұдан басқа, девайстар атылып, тұты­нушы адамды жарақаттауы мүмкін.

Орталық саламатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтану үлесін сақтауға, тұз мөлшерін көп тұтынбай, спортпен айналысуға, зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады. Осындай қарапайым кеңестерді сақтау – сізге ұзақ және сау өмір сүруге кепілдік береді.