Руханият • 14 Қазан, 2019

Күлкі керуені

3977 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Күлкі керуені

БІРДЕ...

Даңқты киноактриса Джейн Фонд атақты режиссермен оңашада тамақтанып отырып:

– Тағы да кино түсіремісіз? – деп сұрап қалады.

– Жоқ. Киномен қош айтысамын. Мемуар жазуға отырамын.

– Солай ма?! Онда санымды сипаламай жайыңызға отырыңыз!..

                                       *        *        *       

Бір сыншы суретші Рафаэльдің суреттерін сынап мақала жазып жариялап, іле-шала Рафаэльге: «Қымбатты Рафаэль, менің мақаламды оқыған боларсыз. Ол біздің достығымызды бұзуға себеп болмас деп үміттенемін» деп хат жазып жібереді.

Рафаэль де кідіртпей: «Қымбатты дос, кезіккен мезетте мұрныңды бет қыламын! Мен де ол біздің достығымызды бұзуға себеп болмас деп үміттенемін» деп қайыра хат жазып жіберіпті.

                                       *        *        *       

Өнер жұлдызы Софи Лореннен репортер:

– Сіз алтыншы күйеуіңізбен қай жерде таныстыңыз? – дегенде:

– Аң аулап жүріп ол менің бесінші күйеуімді атып тастаған сәтте таныстым, – деген екен.

***

Театр режиссері Исаак Меламед қайтыс болып, оны соңғы сапарға шығарып тұрып артист Юрий Олеша:

– Бүгінгі ағыл-тегіл қимастық сөзімізді ол көзі тірісінде естігенде әлі де біраз жыл өмір сүрер еді... – депті.

***

Әзілкеш Тристан Бернар бірде мейрамхананың тамағына көңілі толмай есеп айырысып жатып аспазшыға:

– Бастығыңды шақыршы, – дейді.

Келген бастыққа:

– Осында көптен келіп жүруші едім, ал құшақта мені! – дейді.

– Неғып?

– Енді менің қарамды да көрмейсіңдер! Сондықтан қоштасайық, – деген екен.