Аймақтар • 15 Қазан, 2019

«Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен жемқорлыққа қатысты кездесу өтті

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин және республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының иегері, құрмет ордені белгісінің ковалері, Ресей мемлекетінде ең алғашқы Ресей этно коуоркингін ашқан этно дизайнер Ырза Тұрсынзада және аумақтық Департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков Жаңаөзен қаласының «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді.

«Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлерімен жемқорлыққа қатысты кездесу өтті

Кездесу мақсаты - халықтың ой-пікірлерін тыңдап, жемқорлықты алдын алуға халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын назарға ала отырып, көрмей, білмей отырған мәселелерді кеңінен талқыға салып, шешу жолдарын табу.

Өз сөзінде Арман Бердалин орталық деңгейде қолға алынған жобаларға және жыл басынан бері республика бойынша сыбайлас жемқорлық деректер бойынша статистикалық мәліметтерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі Ырза Тұрсынзаданың пікірінше ұлт болып ұйысудың басты тетігі – рухани тәрбие, яғни адамзаттың бойында адамгершілік, әдептілік, адалдық, әділдік және парасаттылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сонда ғана сыбайлас жемқорлық сияқты теріс құбылыстың қоғам өмірінде жолы кесіледі.

Сондай-ақ қоғамдағы әйелдердің орны ерекше екенін атап өтіп, әйел отбасы мүшелерін ғана емес, айналасын, қоғамды тәрбиелейтінін атап өтті.

Шара соңында Агенттікпен арнайы мониторинг тобының өкілдері қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.