Руханият • 16 Қазан, 2019

Дала үні Алматыда басталады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дала үні» атты мемориалдық көрмесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде ағымдағы жылдың 17 қазаны күні ашылады деп жоспарлануда.

Дала үні Алматыда басталады

Бақытжан Әбішев 1970 жылдан бастап студенттік, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы, сондай-ақ көптеген байқаулардың лауреаты, көрнекті монументалдық жұмыстардың авторы.  

Дәлірек айтсақ, Жаңа-Қорғанда Ұлы Отан соғысы құрбандарына, Ақтөбе қаласында Әлия Молдағұловаға, Бұхар Жырау, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Баянауылда Сұлтанмахмұт Торайғыровқа, Қарағанды қаласында жазушы Сәкен Сейфуллинге қойылған ескерткіштері бар.  

Сонымен қатар Алматы қаласында Жамбыл Жабаев пен Тоқаш Бокиннің, Әль-Фараби, Махамбет, Күләш Байсейтова, жазушы Әди Шарипов, Нұр-Сұлтан қаласында Ата Түрік, Жаяу Мұса монументтерінің де авторы.

«Мүсінші ескерткіштерді жасау кезінде бүкіл жанын салып, тақырыпты ашуға тырысатын нағыз шебер болған,»  деп еске алады әріптесі, профессор Қалдыкүл Оразқұлова.

«Мүсінші тек қана портреттік ұқсастықтарға ғана көңіл бөлмейді, ол мүсін өнеріндегі белгілі бір образдарды ашып көрсетеді. Яғни, бұл жұмыстар жалпы біздің мына ұжымдық естеліктерімізді қозғайтын, соларға ой салатын, соларды қайта тудыратындай бір сезімдерді оятатындай шығармашылықтарымен байланысты»,дейді  Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры Қалдыкүл  Оразқұлова.