Аймақтар • 16 Қазан, 2019

Университет студенттеріне жемқорлыққа қатысты дәріс оқылды

359 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг универстиетінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин және  этно дизайнер Ырза Тұрсынзада және аумақтық Департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков студент жастармен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облыстық Департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Университет студенттеріне жемқорлыққа қатысты дәріс оқылды

Басқосуда сөз алған А.Бердалин Агенттіктің білім саласын назардан тыс қалдырмай, мектептердегі «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының, жоғары оқу орындарындағы «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселерінің жұмыстарын қадағалап отыратындығын, аталған жобалар арқылы әрбір өкелең жас ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылық дәнін егіп, болашақ елінің отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеу деп атап көрсетті.

Қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп жүрген Ы.Тұрсынзада өз әңгімесін жастарға соның ішінде қыз балаларға арнады. Болашақтың ар-намысы қыздың қолында, Ер адам азаматты тәрбиелейді, әйел адамзатты тәрбиелейді дей келе, студент жастарға адалдық –парасаттылықтың бастауы екенін түсіндіріп, әрбір азаматтың рухын көтеріп, намысын биіктетер рухани әңгімесімен жалғастырды.

Агенттік өкілі, айтыскер ақын А.Бердалин «Мемлекетті арба деп қарайтын болсақ, арбаның жылжуына 5 түрлі күш тобы әсер етеді. Бірі алға сүйресе, кейінгі топ иығымен демеп арбаның одан әрі жылжуына үлесін қосады, енді бірі осы арбамен діттеген жеріне жетуді ойласа, төртіншісі кедергі жасап, бөгеттер коюмен әуре, бесінші топ сырттай бақылап, сынаушы ретінде қатысады» деп, аға буын мен кейінгі буын арасында ұрпақтар сабақтастығы жалғасып, әділ де адал көзқараста болып, әркезде мемлекетке демеу болар азамат болып өсулеріне сенімдерін білдірді.Еркін форматта өткен кездесуді жастар жылы қабылдап, өз ойларын ашық білдіріп, жүрекжарды ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.