Аймақтар • 17 Қазан, 2019

Маңғыстауда жүлдегер спортшыларға сый-сияпат табысталды

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкент қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында өткен әлем біріншілігінде 56 келі салмақта сынға түсіп, алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанған маңғыстаулық спортшы Дәурен Төлегеновті және грек-рим күресінен әлемнің күміс жүлде иегері Темірлан Әбішевті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Жұмашев қабылдады.

Маңғыстауда жүлдегер спортшыларға сый-сияпат табысталды

Қ.Жұмашев спортшыларға маңғысатулықтар атынан алғыс айтып, самбодан әлем чемпионы Дәурен Төлегеновке 300 мың теңге, грек-рим күресінен әлемнің күміс жүлде иегері Темірлан Әбішев пен бапкерлеріне 200 мың теңге сертификатын табыстады.

Грек-рим күресінен Тбилиси қаласында ардагерлер, яғни 36-40 жас аралығындағы спортшылар арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Темірлан Әбішев Грузия, Африка спортшыларымен күресіп, ақтық сында ирандық палуанға ұпай санымен есе жібреген еді.

- Әр елдің мықты спортшылары келгендіктен, чемпионат маған оңайға соққан жоқ. Әсіресе, финалдағы қарсыласым  көпті жеңіп шыққан мықтының өзі болатын. Оны жеңуде қалмақ әдісін қолдандым. Еліміздің Әнұранын биік тұғырдан шырқату - мен үшін үлкен мәртебе. Сол жеңісімізге қуанып, құрмет көрсетіп жатқан облыс әкімдігіне ризамын,  деді самбошы Д. Төлегенов.

Кездесуге Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жұмабаев, үздік спортшылардың бапкерлері мен тумаластары, «Жас батыр» спорт мектебінің ұжымы қатысты.

 

 

Маңғыстау облысы