Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жиын барысында «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы» заң қабылданды, сондай-ақ халықаралық маңызды екі құжат ратификацияланды.

Әлеуметтік мәселелерге – басымдық
Отырыста «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізу туралы» заң жобасына қатысты бірнеше баяндама тыңдалды.
Құжат Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының шараларын, Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Nur Otan партиясының XVIII съезінде берілген тапсырмаларын орындау мақсатында, сондай-ақ 2019 жылғы бюджетті атқару аясында дайындалған болатын.
Бірінші кезекте сөз алған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштері сақталғанын құптады. «Ішкі жалпы өнімнің өсуі 3,8 пайыз деңгейінде, мұнай өндіру 89 млн тонна көлемінде. Мұнайдың әлемдік бағасы жоғары құбылмалылықты көрсетіп отыр. Осыны ескере отырып, мұнайдың болжамды бағасы барреліне 55 АҚШ доллары деңгейінде сақталды», деді Р.Дәленов.
Оның айтуынша, жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4-6 пайыз шегінде тұр. «Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2019 жылы 7 трлн 81 млрд теңгені құрайды. Түсімдер түрлері бойынша кірістер құрылымы сақталады. Көлемді түсімдерді қосылған құн салығы (2,8 трлн теңге), корпоративтік табыс салығы (2 трлн теңге), халықаралық саудаға салынатын салықтар (1,5 трлн теңге) қамтыды», деді министр. Түсімдердің жалпы көлемі 95 млрд теңгеге өсіп, 10,7 трлн теңгені құрамақ.
Келесі сөз Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа берілді. Заң жобасы 2019 жылға арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштері сақтала отырып қалыптастырылғанына тоқталған Ә.Смайылов: «Республикалық бюджеттің түсімдері 94,9 млрд теңгеге, ал республикалық бюджет шығыстарының көлемі 94,9 млрд теңгеге ұлғайтылды. Республикалық бюджеттің тапшылығы бұрын бекітілген ішкі жалпы өнімнің 2,1% деңгейінде сақталды. Әлеуметтік саладағы шұғыл қаржыландыру мәселелерін шешу мақсатында әлеуметтік блоктың шығыстары 6,7 млрд теңгеге арттырылды. Шығыстарды қайта бөлуді ескере отырып, қосымша қаражат атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге, медициналық көмек көрсетуге және денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын жалғастыруға бағытталады», – деді.
Оның айтуынша, нақты сектордың шығыстары 15,6 млрд теңгеге ұлғайтылған.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, өнеркәсіпті қолдауға, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына тұрғын үй қарыздарын беруге қосымша шығыстар көзделген. Сондай-ақ ол: «Төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету үшін, оның ішінде жылу маусымының басталуын ескере отырып Үкімет резерві ұлғайтылды. Аймақтарға арналған нысаналы трансферттер көлемі нақтылау нәтижесінде 29,1 млрд теңгеге арттырылды», – деді.
Бұдан басқа, заң жобасын дайындау кезінде жекелеген мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыруын ескере отырып, шығыстарды түзету, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын арттыруға, жылу энергетикасы мен көлік инфрақұрылымын дамытуға, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға нақты қажеттілігін ескере отырып, өңірлер арасында қаражат қайта бөлінген.
Сенат басшысы заң жобасын талқылау барысында Білім және ғылым министріне орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды 5,6 млрд теңгеге азайту және «Жас маман» жобасы аясында колледждерді жаңғыртуға арналған шығындарды азайту туралы айтты. «Бұл үшін кім жауап береді? 8 миллиард теңге босқа кетті. Бұл ақшаға білім беру саласында көп нәрсе жасауға болатын еді», – деді Д.Назарбаева.
Қосымша баяндама жасаған Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина сенаторлар нақты тетіктер мен іске асыру ережелерін қамтитын заңнан кейінгі нормативтік актілерсіз бюджет жобасына жаңа бастамалар енгізуге тыйым салатын өзгерістерді Бюджет кодексіне енгізуді ұсынып отырғанын атап өтті.
«Қаржы ресурстары шектеулі болған жағдайында мемлекеттік қаражат, оның ішінде болашақ ұрпақ қоры – Ұлттық қордан алынған, ал бүгінде олардың республикалық бюджеттің барлық кірісінің 29 пайызы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларында, ұлттық компаниялар, банк құрылымдары есепшоттарында айлар бойы жатады. Олар еліміздің экономикасын дамытуға жұмыс істеуі тиіс», – деді О. Перепечина.
Егжей-тегжейлі талқылаудан кейін депутаттар үш жылдық бюджетке түзетулер қабылдады.
Ел игілігіне бағытталған құжаттар
Отырыста сондай-ақ Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім ратификацияланды.
Екі елдің азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік қауіп-қатерлердің алдын алу, төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғаныс мамандарын төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялар, зілзалалар мен апаттар жағдайларында ерікті және өзара көмек көрсету бойынша оқыту саласындағы өзара іс-қимылы келісімнің негізі болып табылады.
Келісімде ынтымақтастық нысандары, көмек көрсету шарттары мен түрлері, көмек көрсету жөніндегі жұмысқа басшылық ету тәртібі және мемлекеттік шекараны кесіп өтуге байланысты басқа да мәселелер, шығындарды өтеу, залал келтіру және көрсетілетін көмекті қаржыландыру реттелді.
Бұдан кейін Скандинавия және Балтық елдерінің ірі несие-қаржы институты болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы негіздемелік келісім ратификацияланды. Келісімде валютаның айырбасталуы және ақша қаражатын аудару, Солтүстік инвестициялық банктің шарттары бойынша тендерлер өткізу, сондай-ақ оны салық салудан босату жөніндегі ережелер белгіленеді.
Аталған құжатқа 2018 жылғы 16 қазанда Хельсинки қаласында қол қойылған болатын. Келісім Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Солтүстік инвестициялық банктің қызметін ашуға мүмкіндік береді. «Солтүстік инвестициялық банк 1975 жылы құрылды және Скандинавия мен Балтық елдері мүше болып табылатын көпжақты даму банкі. Штаб-пәтері Хельсинки қаласында орналасқан. Солтүстік инвестициялық банктің жарғылық капиталы 6 млрд 142 млн еуроны құрайды, ол мүше елдердің төлемдерінен қалыптасады (Дания, Эстония, Финляндия, Исландия, Латвия, Литва, Норвегия, Швеция). Солтүстік инвестициялық банктің жалпы кредиттік портфелі 2018 жылы 19,1 млрд еуроны құрады. Қарыздар 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Банктің стратегиясына сәйкес кредиттік портфельдің шамамен 20 %-ы оның мүшелері болып табылмайтын елдерге беріледі», – деді Ұлттық экономика министрі. Солтүстік инвестициялық банк қаржыландыруының негізгі бағыттары энергетика, «жасыл» экономика, телекоммуникация, көлік, өнеркәсіптің түрлі салалары, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау сияқты секторлар әрі шағын және орта бизнес болып саналады. Келісімде Қазақстанның заңнамалық актілерінде көзделмеген нормалар, атап айтқанда валютаның айырбасталуы және қаражат аудару, тендерлер өткізу, сондай-ақ Солтүстік инвестициялық банктің активтері мен кірістерін салық салудан босату жөніндегі нормалар белгіленеді. Бұл халықаралық ұйымдардың стандартты шарттары. Келісім мүшелік жарналар және бюджеттен басқа да төлемдерді талап етпейді. Осы орайда келісімді ратификациялау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайтыны атап өтілді.
Келісімді іске асыру Қазақстанға сумен жабдықтауға, көлікке, энергетикаға, өнеркәсіп секторына және басқа да салаларға инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
ПИК қызметі заңмен реттеледі
Сенат отырысында заңнамаға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы туралы түзетулер екінші оқылымда қаралды. Бұл құжатпен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізіледі. Осы орайда сөз Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Әлімжан Құртаевқа берілді.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – қоғамның әлеуметтік құрылысының маңызды саласы. Тұрғын үй саласының қазіргі деңгейдегі дамуы мен жағдайы қойылып отырған талаптарға сәйкес келмейді. Бұл айтарлықтай дәрежеде халықтың өмір сүру сапасына әсер етуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кооперативтері өзекті мәселелерді шешпейді, ал олардың қызметі тұрғындар тарапынан наразылық тудырады. Сондықтан заң жобасын әзірлеу қажеттілігі туындап отыр, оның мақсаты – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау», – деді Ә.Құртаев.
Заң жобасында кондоминиум нысанын басқарудың «бір үй – мүлік иелерінің бір бірлестігі – бір шот» қағидаты бойынша жаңа үлгісі ұсынылады.
Бұл ретте пәтер иелерінің кооперативтері мен үй-жайлар иелерінің кооперативтері қаралып отырған заң қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде мүлік иелерінің бірлестіктерімен қатар әрекет ете алады.
Заң жобасымен кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің қаржыландыру тетігі енгізіледі, ол пәтер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің қаржы жинақтауға және екінші деңгейдегі банктен қарыз алуына негізделген. Мүлік иелері бірлестігінің тұрғын үй қарызын өтеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуына мамандандырылған қор кепілдік беретін болады.
Заң жобасында басқарушы және сервистік компаниялар қызметінің ашықтығын арттыруға және Үй кеңесін құру мен электронды ақпараттық ресурстар мен ақпарат жүйелерін енгізу арқылы пәтер және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері тарапынан бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғын үй құқықтық қатынастары субъектілерінің арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған ережелер ұсынылды.
Сондай-ақ заң жобасымен жұмыс барысында кондоминиум нысанының ортақ мүлкіндегі меншік иесіне тиесілі үлес мөлшерін, коммуналдық қызметтерге кіретін қызметтер тізбесін, хостел қызметі, «тұрақ орнын» анықтау, заңнамалық актілерді заң жобасының ережесіне сәйкес келтіру және өзге де мәселелер бөлігінде бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындады.
Заң жобасы сенаторлардың түзетулерімен Мәжіліске жіберілді.
Отырыс соңында бірқатар сенатор тиісті органдарға өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент • 01 Шілде, 2022
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар