Аймақтар • 20 Қазан, 2019

Биыл жемқорлық туралы хабарлаған 116 адам 17 миллион теңге сыйақы алған

192 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстауға іссапармен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин және Республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, этно дизайнер Ырза Тұрсынзада және аумақтық Департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті.

Биыл жемқорлық туралы хабарлаған 116 адам 17 миллион теңге сыйақы алған

Брифинг аясында Арман Бердалин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2019 жылдың 13 маусымында Президент Жарлығымен қайта құрылғандығы, бірнеше департаменттердің жасақталғандығын және превенция бағытының жұмыстарына тоқталып өтті.

Превенция департаментінің атқарып отырған шаралары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау. А.Бердалиннің айтуынша, 2019 жылдың басынан бері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, «Қазавтожол», Денсаулық сақтау министрлігінде, Дәрілік сараптау ұлттық орталығында, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде, Мемлекеттік кірістер комитеті және Ұлттық олимпиада комитетінде талдаулар жүргізілген.

-Талдаулар аясында  бұрын істі болған, жауапқа тартылған адамдардың лауазымды қызметте отырғандары анықталды. Бұның барлығы терең талдаулар мен жан-жақты зерттеу, зерделеудің нәтижесі, деді А.Бердалин.

Спикердің мәліметіне сүйенсек, Агенттіктің 1424 желісіне күн сайын 10-15 шағым тіркеледі. Олардың басым бөлігінің деректері расталып, нақты дәлелденіп, халықтан түскен арыз-шағымдардын нәтижесінде бірнеше іс қозғалған. Өткен жылдың өзінде келіп түскен шағымдар бойынша 32 іс қозғалып, ағымдағы жылдың 8 айында сотқа дейінгі 41 іс тіркеліпті.
Агенттікке жемқорлық фактілерін хабарлаған адамдарға заңнама бойынша бір жолғы сыйқы беріледі. 2018 жылы 185 адам 23 миллион, 2019 жылдың басынан 116 адам 17 миллион сыйақы алған.

Арман Бердалин сыйақының мөлшері жемқорлық фактісінің ауырлығына қарай берілетінін атап  өтті.