Іс-шара барысында «Шадвал» би ансамблі және Марина Байрамовнаның орындауында «Джигиты» әні шырқалып, осетин этномәдени орталығының төрайымы Биркле Фатима Михайловна Коста Леванович Хетагуровтың шығармасынан үзінділер оқыды.
Коста Хетагуровтың шығармашылық мұрасы өте жан-жақты. Ол бір мезгілде ақын және проза жазушы, драмматург және қоғам қайраткері болды. Көркем сөз бен қылқаламды асқан шеберлікпен игерген Коста бостандық, халықтардың достығы мен теңдігін насихаттай отырып, бишаралық халге түскен тау халықтарының мүддесін қорғады.
Аталмыш іс-шараға Ресей Федерациясының Орал қаласындағы бас Консулдығының вице-консулы Волков Владимир, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева, осетин этномәдени орталығының өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Исмурзина Гүлжан, өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері, студенттер қатысты.
Ресей Федерациясының Орал қаласындағы бас Консулдығының вице-консулы Волков Владимир аталмыш мерейтомен құттықтап, осетин этномәдени орталығының өкілдері Хабулова Маргарита және Дзагахова Ольга «Осетин Жоғарғы кеңесі» халықаралық қоғамдық қозғалысы атынан «Құрмет қағазымен» марапаттап, гүл шоқтарын табыстады.
Іс-шара ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.