Аймақтар • 21 Қазан, 2019

Маңғыстауда Төтенше жағдай қызметкерлері кәсіби мерекені атап өтті

1027 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай – айтып келмейтін және болмай тұрмайтын  апат. Қиын-қыстау кезде жапа шеккенге алдымен келіп, көмек қолын созар  – төтенше жағдай қызметі. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар мемлекеттік комитетін құру туралы  №2541 Жарлығымен -1995 жылы 19 қазан Төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күні болып есептеледі.

Маңғыстауда Төтенше жағдай қызметкерлері кәсіби мерекені атап өтті

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті  тарихы бұрынғы Кеңес одағы уақытынан басталады. Ол кезде тұрғындарды және аумақты қорғау міндеттерін Маңғышлақ облысының Прикаспийский Тау-кен металургия комбинаты жанындағы Азаматтақ Қорғау штабы атқарды, одан 1973 жылы жеке мекеме болып бөлініп, атауы Маңғышлақ облысының және Шевченко қаласының  Азаматтық қорғау штабы болып өзгертілді. Демек, жуырда Маңғыстау облысы Департаментіне жарты ғасыр толады. Жылдар бойы ол қаншама атауды өзгертті. Оған жаңадан бөлімшелер қосылды, команда құрамы өсті. Өзгертілмеген тек  біреуі ғана ол  - ұйым барлық 46 жыл бойы тұрғындарды төтенше жағдайлардан қорғады. 

2016 жылдан 2019 жылға дейін 836 төтенше жағдайлар тіркелді, 284 адам құтқарылды, 2141 адам көшірілді, 252 зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілді,  6716 авариялық-құтқару жұмыстарына  шықты.

Қазіргі уақытта ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылатын Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті соңғы үш жылда халықаралық, республикалық және облыстық көлемде өз жұмысы бойынша оң қорытынды алып келеді. Мысалы, 2017 жылы Маңғыстау облысында алғаш рет  ХХIV жазғы ҚР өрт-құтқару спорты бойынша чемпионаты өткізіліп, онда Маңғыстау облысы спортсмендері жалпы командалық жүлделі үшінші орынды иеленді,   2018 жылы Баутино портында «TENIZ – 2018» халықаралық кешенді жаттығуы өткізілді, онда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелерінен басқа Каспий жанындағы мемлекеттердің төтенше жағдайлар бөлімшелері қатысты (РФ, Әзірбайжан Республикасы, Түркменістан Республикасы). Қарау үшін Катар мемлекетінің өкілдері қатысты.

Одан басқа соңғы жылдары республикалық деңгейде жақсы көрсеткіштерді Департаменттің бөлім қызметкерлері және бөлімшелер көрсетіп отыр. 

2016 жылдың қорытындысы бойынша азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерді кәсіпкерлікке тәрбиелеу шеңберінде конкурстарға қатысып,  «Өртті бақылау мемлекеттік басқармасының ең үздігі», азаматтық қорғау капитаны  Азамат Кулманов «Ең үздік өртті бақылау мемлекеттік қызметккері» номинациялары бойныша жүлдегер атанды. 2017 жылдың қорытындысы бойынша  азаматтық қорғау капитаны Нұржан Борашев «Ең үздік өртті бақылу қызметкері» атанса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау қаласының №1 арнайы өрт бөлімі «Ең үздік өрт бөлімі» 1-орынды иеленді.  «Ең үздік өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы» -3 орынды,  «Ең үздік азаматтық қорғау басқармасы» 3-ші орынды, азаматтық қорғау капитаны  Тенелхан Назар «Ең үздік өртті бақылау мемлекеттік қызметкер»  1-ші орынды иеленді.

Осы жылы Атырау облысында   Қазақстан Республикасы ерлер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша XXVI жазғы чемпионаты және Қазақстан Репсубликасының өрт-құтқару спорты бойынша VI жазғы чемпионаты өтті.  

Чемпионатта ерлер арасында ұпай санымен Маңғыстау облысы құрамасы жеңіске жетті.  Көрсетілген жетістіктеріне Қазақстан республикасы құтқарушыларына сыйлыққа  жеңді насосты автомобиль және жеңді автомобиль тапсырылды.

Спорттық көрсеткіштерден басқа өңірлік құтқарушылар күнделікті ерлік және батырлық жасауда. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқарушы деген атақты абыроймен көтеріп жүр.

-Облыстың Төтенше жағдай Департаментімен табиғи және техногенді төтенше жағдайларды алдын алу, аумақтық және ғаламдық төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғау іс-шараларды ұйымдастыру, облыстағы нысандардың өрт қауіпсіздігі жағдайына мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша тапсырмалары орындалуда.  Ерлік, батырлық, жүректілік, барлық жағдайларда әртүрлі апаттармен күресуге, адам өмірін құтқаруға дайындығы – барлық кезде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК қызметкерлерінің  ерекше қасиеттері.  

Бүгінгі күні күнде, сағат сайын біз жасап жатқан бұл істің маңыздылығын бағалау қиын. Әрбіріміз тұрғындарға тыныш өмірді қамтамасыз ету үшін шақырылдық, ол өндірістегі және тұрмыстағы қауіпсіздік, техногенді және табиғи төтенше жағдайларды жою және болдырмау.

Осы мерекелік күні барлық ТЖ қызметінің ардагерлері мен қызметкерлеріне, олардың туысқандарына және жақындарына зор денсаулық, жанұяларына саулық, бейбітшілік бұлтсыз аспан, жан-тәніне сергектік, жанының қартаймауын тілеймін, жастарға лайықты үлгі болайық,  төтенше жағдайлар  өте аз болсын және Отанымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан игі ісімізге сәттілік, дейді Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар                        департаментінің бастығы  азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев.