Аймақтар • 21 Қазан, 2019

Ақтауда «Күреш» башқұрт спорттық күрес турнирі өтті

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда «Салават» башқұрт мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі жасөспірімдер арасында «Күреш» спорттық күрес турнирін өткізді. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Маңғыстау облыстық хатшылығы баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақтауда «Күреш» башқұрт спорттық күрес турнирі өтті

Жастар арасында турнир өткізудегі мақсат – «Жастар жылында» жастарды салауаттылыққа тәрбиелеуге атсалысу, сондай-ақ  башқұрт халқының тарихи отаны - Башқұртстанның 100 жылдығына орай жасөспірімдер арасында аталмыш күрес түрін насихаттау.

«Күреш» – түркі халықтары арасындағы дәстүрлі күрес түрі. Башқұрттарда бұл қарсыластар беліне белбеу орап күреседі. Күреш, кез келген спорт сияқты, адамды дамытады. Ол адамдарды күшке, төзімділікке, өз қабілеттеріне сенуге тәрбиелейді, оларды салауатты өмір салтына және ата-бабаларының дәстүрлерін құрметтеуге дағдыландырады.

Жеңімпаздар мен жарыстың белсенді қатысушылары дипломдармен және медальдармен, сонымен қатар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

-Осы турнирдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқаны үшін облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер мектебіне, директордың міндетін атқарушы Қайсар Қанатұлына, жасөспірімдер санатындағы аға жаттықтырушы Ахмедханов Рикшагқа және барлық этномәдени бірлестіктердің төрағаларына, сондай-ақ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясына рахмет айтамын, деді «Салават» башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Будченко Гузалия Хисметқызы.