Аймақтар • 22 Қазан, 2019

Жаңаөзенде пән мұғалімдері жетіспейді

814 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қаласы бойынша білім беру жүйесін қаржыландыруға 2019 жылға 12 436,8 млн теңге бөлінген, бұл қала бюджетінің жалпы көлемінің 57,9%-н құрайды. Бұл турал Өңірлік Коммуникациялар Қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров мәлімдеді.

Жаңаөзенде пән мұғалімдері жетіспейді

Білім беру жүйесі 91 мекемені қамтиды, оның ішінде 56 мектепке дейінгі білім беру мекемелері бар. Оның ішінде 38 балабақшаның 28-і мемлекеттік, 11-і жекеменшік және 18 шағын орталықтар - 2 мектеп жанындағы шағын орталық, 16 - жекеменшік шағын орталық. Тәрбиеленушілер саны – 7 857 (2018 жылы – 7 780). Балабақшалар саны 2014 жылмен салыстырғанда 41-ден 56 бірлікке дейін жетті, яғни балаларды балабақшамен қамту 100% көрсеткішке ие.

26 жалпы білім беретін мектеп бар (22 орта, 2 бастауыш, 1 кешкі мектеп, 1 жекеменшік Каспий зияткерлік мектеп – бақша). Оқитындар саны 2019-2020 оқу жылында 32 601 оқушыны құрады (2018 - 2019 оқу жылында – 30 804).

Білім беру саласында педагог қызметкерлер саны 3 851 штаттық бірлікті құрайды. Дегенмен, педагогтар арасында кадр тапшылығы байқалады. Мәселен 2018 жылы 20 маман жетіспеді, олар - қазақ мектебіне 10 математика пәні маманы, 10 орыс тілі пәні маманы.

2019 жылы 26 маман жетіспейді, яғни қазақ мектебіне 10 математика пәні, 10 орыс тілі пәні және 2 ағылшын тілі пәні мамандары, орыс мектебіне 1 физика пәні, 1 тарих пәні, 2 бастауыш сыныбының мамандары.

- Жалпы,  Жаңаөзен қаласы бойынша апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымда оқытатын мектептер жоқ. Алайда балалар санының артуына байланысты 1200 орындық мектеп салу жоспарлануда. Жобаның жобалық сметалық құжаттамасын түзету жұмыстары жүргізілуде, ол ағымдағы жылдың желтоқсан айында дайын болмақ,- деді қала әкімі.

 

 

Маңғыстау облысы