Экология • 22 Қазан, 2019

Маңғыстауда ірі көлемде бекіре тұқымдас балық тәркіленді

788 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері 21 қазан 2019 жылы сағат 18:00 шамасында Ақтау қаласы 32 шағын ауданының пәтерлерінің бірінен жалпы салмағы 30,900 келі құрайтын 12 дана бекіре тұқымдас балық тауып, тәркіледі.

Маңғыстауда ірі көлемде бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Сондай-ақ 21 қазан 2019 жылы сағат 18:00 шамасында дәл осындай жағдай Ақтау қаласы 14 шағын ауданы тас жолында «Рено Дастер» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында орын алған. Аталған көліктің жүксалғышынан жалпы салмағы 52,600 келі құрайтын 18 дана бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленіп алынды.

Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы - өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі амалдары жүргізілуде.

 

 

Маңғыстау облысы