Аймақтар • 22 Қазан, 2019

Маңғыстауда полицей мен азаматтық қоғам байланысы талқыланды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде «Eurasian Expert Couneil» қоғамдық қорының президенті Ч.Лепсибаевтың ұсынысымен Мемлекеттік және азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл семинар-тренингі өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда полицей мен азаматтық қоғам байланысы талқыланды

Шараға Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.Ақшауов, жеке құрам, сондай-ақ қоғамдық қор және өзге де мекеме өкілдері қатысты.

Жоба шеңберінде әзірленген Қоғамдық қор және Ішкі істер министрлігі ынтымақтастығының тұжырымдамасы жобасына қатысты әртүрлі бағыттар бойынша, оның ішінде құқық бұзушылық профилактикасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері қаралды.

Семинар спикерлері «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» АҚ президенті Рафикова Никар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы полиция және ҮЕҰ Департаментінің өзара іс-қимылы туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Пулатов Шерзод  мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынастары жүйесіндегі ҚХА туралы, «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» ЗТҚ президенті Ахметова Жібек, Ақтау қаласының «Qorgau» жобасының заңгері Нұржанов Мұса жоба жұмысы туралы айтып өтті.

Семинар барысында Ш. Лепсібаев «GR - Мемлекеттік басқару, Мемлекеттік басқару тарихы деген не?» тақырыбында дәріс оқыды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді.

 

 

Маңғыстау облысы