Аймақтар • 23 Қазан, 2019

Маңғыстаулықтар мамандандырылған ХҚО-да алдын ала тестілеуден өте алады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Автоәуесқойлар жол қозғалысының теориясы бойынша алдын ала тестілеу емтиханын мамандандырылған ХҚО-да тапсыра алады. Бұл жайында Халыққа қызмет көрсету орталығы баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстаулықтар мамандандырылған ХҚО-да алдын ала тестілеуден өте алады

Жыл басынан бері 1700-ден аса  маңғыстаулық осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін тексерген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Ербол Байжігіттің айтуынша, енді азаматтар емтихан алдында өздерінің білімін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында тексере алады. Авто ХҚО-ның практикалық автодромы аптаның алты күнінде де жұмыс істейді.

Айта кететін жағдай, үміткер бірінші рет жүргізуші куәлігін алу үшін екі емтихан тапсыру қажет. Біріншісі – теориялық емтихан, ол 40 сұрақтан тұрады, ал практикалық емтиханды автодромда тапсырады. Жүргізуші куәлігін алуды қалайтындар үшін 3 ретке дейін емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі. Егер үшеуінен де сәтсіз өтсе, келесі емтиханды тек алты айдан кейін тапсыруға болады. Сондай-ақ бүгінде жүргізуші куәлігін алғаш алатындардан автомектепте оқығаны туралы куәлік талап етілмейді.

Жылдың басынан бері 1700-ден аса маңғыстаулықтар автоматтандырылған автодромда автокөлік жүргізу қызметтерін пайдаланған. Сонымен қатар жыл басынан бері 16 мыңнан астам жүргізушіге жүргізуші куәлігі беріліп, 86 мыңға жуық автокөлік тіркелді.