Қазіргі таңда Маңғыстау ардагерлер қоғамдық ұйымында азаматтық қорғау органдарының 148зейнеткері бар болса, оның ішінде Төтенше жағдайлар ардагерлері саны - 127.
Қиын-қыстау саланың сындарынан сүрінбей өткен ардагерлер өмір қауіпсіздігінің құрылуына, өртке қарсы үгіт-насихат жүргізуде, өрт және құтқару ісіне азаматтарды - еріктілерді және жастарды тартуда ақыл-кеңес айтар аға буынға айналды.
№3 әскерлендірілген өрттен қорғау жасағы, 18, 19, 20 әскерилендірілген өрт бөлімінің 50 жылдығына арналған салтанатты жиналыс ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД Жаңаөзен қаласындағы № 3 арнайы өрт бөлімшесінде өтті.
Жиналыс барысында ҚР ІІМ ТЖК құқығымен Маңғыстау облысы ТЖД, Жаңаөзен қаласының әкімдігі 20 ардагерді марапаттады, сонымен қатар қонақтарға 1969-1989 жылдар аралығындағы хроникалық-тарихи слайд көрсетілді.
Салтанатты жиынның соңында ардагерлер және қонақтар мерекелік дастарханға шақырылды, онда жас құтқарушыларға ардагерлер өздерінің ақыл-кеңестерін берді.