Аймақтар • 26 Қазан, 2019

Ақтауда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

1239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда жүргізушілер арасындағы көліктік тәртіпті арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» шарасы өтуде. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Маңғыстау облысының ЖПҚБ «Қауіпсіз жол» шарасы аясында жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуын анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу шараларын жүргізуде.

Полиция мас күйінде көлік жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, төтенше жағдайды жасауға, басып озу, жол қозғалысы, маневр, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауға және ұялы телефонмен сөйлесуге байланысты ережелерді анықтауға назар аударады.

Шара басталған 4 күн ішінде полиция 2391 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады, оның ішінде қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін 660, тыйым салынған бағдаршам түсіне жүргізу 133, мас күйінде көлік жүргізу 53, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесу - 428. Сондай-ақ, 390 жаяу жүргінші белгісіз жерлерде жүру бөлігін кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 41 қайта жабдықтау, қарсы бағытқа шығудың 18 дерегі тіркелді.