Аймақтар • 26 Қазан, 2019

Талдықорғанда «Менің туым, менің Отаным» патриоттық акциясы өтті

894 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласында І.Жансүгіроватындағы Жетісу мемлекеттік университеті мен «Nur Otan» партиясы Алматы облыстықфилиалының ұйымдастыруымен «Менің туым, менің Отаныматты патриоттық акция өтті.

Талдықорғанда «Менің туым, менің Отаным» патриоттық акциясы өтті

Акцияға І.Жансүгіров атындағы Жетісумемлекеттік университетінің ректоры ҚуатБаймырзаев, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының біріншіорынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, Мәдениетқайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматыӘлімғазы Райымбеков, еңбек сіңірген спорт шебері, еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның он екі дүркін чемпионы Маулен Мамыров және университет ұстаздары мен студенттері қатысты.

«Менің туым, менің Отаныматты патриоттықакция мақсаты қазақстандық жастар арасындапатриоттық сезімді нығайтып, Мемлекеттік тудыорнатуға тыйым салу стереотипін жою. Республика аумағында қолға алынған бұл акция 13 қазан күніАлматы қаласындағы Медеу шатқалында басталғанеді.

Жетісу жеріндегі шарада оқу ғимаратыныңалдына көптеген ту белгіленген ретпен қойылып, студенттер қолына жалауша ұстады. Шара аясында  «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ғалиасқар Сарыбаевмемлекеттік рәміз ретіндегі тудың ерекшелігінетоқталды. Ал спорт шеберлері ӘлімғазыРайымбеков пен Маулен Мамыров мемлекеттіктуды шетелде желбіретудің жауапкершілігі мен мақтаныш сезімін сөз етті.

- Бұл акция өз кезегінде жас білімгерлердіңмемлекеттік туға деген құрметін арттырады. Біз жастарды отаншыл болуға, елін, жерін сүюге баулу арқылы келешек тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелеудеміз. Жоғарғы оқу орынын бітірген жас маман ертең тәрбие ісіне араласқанда бойына сіңірген патриотизмді өскелең буынға береді. Осылайша, елжанды, отан сүйгіш жастардың қоғамы қалыптасады, - дейді І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаев.