Аймақтар • 27 Қазан, 2019

Ақтауда оқ-дәрі сатқан азамат ұсталды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда оқ-дәріні сату кезінде В. есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Ақтауда оқ-дәрі сатқан азамат ұсталды

Тұрғылықты жері бойынша тінту шаралары барысында Маңғыстау облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері көптеген қарулар мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ көптеген қосалқы бөлшектерді тауып алып, тәркілеген. Аталған факт Маңғыстау облысы Полиция департаментінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша тіркеліп, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргіуақытта ұсталған адамның басқа қылмыстарғақатысы тексерілуде.