Қазақстан • 28 Қазан, 2019

Балет жұлдыздары Алматыда өнер көрсетті

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі күн қатарынан өткен фестиваль аясында Ресей мен Украинадан келген жас жұлдыздар Петр Чайковскийдің «Аққулар көлі» спектаклін қойды. Шара «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз бөлімі.

Балет жұлдыздары Алматыда өнер көрсетті

Фестиваль "Жастар жылына" және атақты педагог Ұлан Мирсеидовтың құрметіне арналды.  

Ұстаз саналы ғұмырында 40-тан астам балет әртістерін дайындап, әлемдік деңгейге шығарған. Спекталкльден түскен қаражат жас мамандарды қолдауға жұмсалмақ. Оған қоса, әр фестиаль сайын бір адамға грант табыстау көзделіп отыр. Сертификат жас әртістің шетелге байқауға қатысуға кететін шығынын өтейді.

«Еңбегі көзге көрінбейтін жандар бұл – педагогтар. Жұлдыздар сахнаға жарқырап шығады, оларға қашанда көрермендер қызыға қарайды. Дегенмен, әр әртістің артында ұстаздың еңбегі бар. Ол соған бар ғұмырын арнайды. Бүгінгі фестиваль сондай педагогқа арналып отыр. Ол кісінің шәкірттері арттынан еріп келе жатқан жас буынды қолдауды құп көріпті. Игі бастама дер едім», - деді Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының бас балетместері Гүлжан Тұтқыбаева.

Айта кетейік, фестиваль аясында Алматыда 24 қараша күні «Ұйқыдағы ару», ал желтоқсанның 20-сы мен 22-сі Жаңа жыл қарсаңында «Шелкунчик» cпектаклі қойылады. Бұл қойылымдарға АҚШ-тан өнер майталмандары қатысады деп күтіліп отыр.