Аймақтар • 29 Қазан, 2019

Қайта оқығанның айыбы жоқ

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Саран қаласында 173 адам бүгінде сұранысқа ие тігінші, аспаз, кондитер, электр монтері, жүйелік әкімші, шаштараз және басқа да мамандықтар бойынша қысқа мерзімді қайта оқыту курстарынан өтті.

Қайта оқығанның айыбы жоқ

Курстардағы оқу мерзімі таң­дал­ған мамандықтарға байла­ныс­т­ы бір ай мен жарты жыл ара­лы­ғын­да болды. Студенттерге сти­пен­дия төлен­генін және қажет бол­ған жағ­дай­да жол жүру шы­ғын­­дары­ның да өтелгенін айта кет­­кен ләзім.

Қайта оқуға ниет білдіргендер үшін мына ақпаратты назарда ұстаған жөн: Саран қаласында арнайы курстан Абай Құнанбаев атындағы гуманитарлық-тех­ни­ка­лық колледжде, «Galex Plus» тоқыма-тігін фабрикасында және «A.V.Group» ЖШС, «Asia Tex» ЖШС және «Nurkuat Energy» ЖШС сияқты кәсіпорындарында өтуге болады.

Қайта оқығанның айыбы жоқ­ты­ғын, керісінше пайдасының мол­ды­ғын дәлелдегісі келетін тү­лектің бірі – Қарлығаш Бал­та­бекова. Шаштараз өнері оқуы­на қоса «Бизнес Бастау» бағ­дар­ла­ма­сы бойынша кәсіпкер­лік курсын тәмамдаған жас маман алдағы уақытта өзінің сұлу­лық салонын ашқысы келеді екен.

–Балаларға арналған салон ашқым келеді. Аналардың менің салоныма балаларын алып келгенін армандаймын. Оларды жылы шыраймен қарсы алып, сапалы қызмет көрсетсем деген мақсатым бар. Клиенттерім салонымнан тек қана көтеріңкі көңіл күйде қайтса екен деп тілеймін. Адамдармен жұмыс істеуді жалықпай үйренгім келеді. Сонан соң жұмыс барысында әр адамның пікірін ескеру қажет деп санаймын. Алдағы уақытта оқуымды жалғастыруды ойлас­тырып жүрмін. Өйткені сән индустриясы орасан зор жыл­дам­дықпен дамып келеді. Бұл сала­да­ғы бәсекелестік өте зор, – дейді ол.

Қысқа мерзімді курстарды ұйым­­дастырушылар түлектердің жұ­мысқа орналасуына да қол ұшын береді. Мысалы, шаштараз мамандығын оқыған Әзиза Смағұлова облыстағы Ақтас кентіне жұмысқа тұратын болды.

–Шеберлігімді әрі қа­рай же­тіл­діру жоспарымда бар. Ал­ды­­ма қойған үлкен мақ­сат­та­рыма жету үшін курс­тар­да оқып, семинар­ларға қаты­сып, шеберлік сабақ­та­рында білік­ті­лі­гім­ді көтер­гім келеді, – дейді жас маман.

Саран қаласындағыдай қайта даяр­лау курстарын Қарағанды облы­сының барлық қалаларында ұйым­дастыру жоспарда бар. Ал қандай мамандықты игеруге болатынын және оқуға түсудің тәртібін жұмыспен қамту орта­лық­та­рынан анықтап алуға болады.

Айта кеткен жөн, Саран қала­сы­ндағы қысқа мерзімді курстар нәт­ижелі жұмыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті да­мы­ту­дың 2017-2021 жылдарға арнал­ған «Еңбек» бағдарламасы ая­сында ұйымдастырылған.

 

Қарағанды облысы