30 Сәуір, 2013

Мемлекет басшысының Өкімімен Абылай Рыспаев Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметінен босатылды

294 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Өкімімен Абылай Рыспаев Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметінен босатылды

Сейсенбі, 30 сәуір 2013 13:29

Мемлекет басшысының Өкімімен Абылай Еркінбекұлы Рыспаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
А. Рыспаев 1965 жылы 13 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында туған. 1995 жылы Ресей Ішкі істер министрлігі Екатеринбург жоғарғы мектебінің заңгер мамандығын және Орталық Азия университетінің экономист-қаржыгер мамандығын бітірген.

1986 және 1988 аралығына дейін Кеңес Одағы әскер құрамында азаматтық борышын өтеген. Ал 1989 және 1991 жылдары Свердловск ішкі істер департаментінде милиционер болған. 1991 және 1995 жылдары Ресей Ішкі істер министрлігі Екатеринбург жоғарғы мектебінде тыңдаушы ретінде тәлім алады. 1995-1996 жылдары Свердловск ішкі істер департаментінде оперативтік уәкіл, ал 1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінде оперативтік уәкіл және аға оперативтік уәкіл қызметін атқарды. 1997 және 2012 жылдары ҚР ҰҚК әскер қатарында болды. 2012-2013 жылдары Республикалық ұланның 0112 әскери бөлімінің командирі болған. Ал 2013 жылы Мемлекет басшысының Өкімімен Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.