Қазақстан • 30 Қазан, 2019

1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді — А. Оспанов

273 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов мекенжай анықтамасын алып тастауға қатысты түсінік берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді — А. Оспанов

А. Оспанов атап өткендей, Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталатын болады. Яғни, еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды.

«Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile  қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады»,- деді А. Оспанов.

Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады. 

Сонымен қатар А. Оспанов жұмыс берушілердің мекенжай анықтамасын сұрауға құқылары жоқ екенін айтты. Бірінші кезекте, еңбек кодексінде тұрғылықты мекенжайын растайтын құжатты ұсыну қажеттігі туралы талап жоқ.

«Егер біз бүгін мемлекеттік деңгейде мекенжай анықтамасы ұғымын алып тастайтын болсақ, онда азаматтан бұл құжатты еңбекке орналасу кезінде талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Сондықтан біз барлық жұмыс берушілер жұмысқа еңбекке орналасуға қатысты өздерінің талаптарын сәйкестендіруі керек деп отырмыз»,- деді вице-министр.

Жұмыс берушілерден басқа, мекенжай анықтамасын еліміздегі барлық мекемелер енді сұрамауы тиіс.

«Біз бүгін елімізде тұрғылықты орны мен мекенжайы туралы ұғымды түбегейлі өзгертіп отырмыз. Бұрын біз әр адым сайын, барлық жерде - еңбекке орналасқанда, жұмысқа қабылдағанда, медициналық ұйымда, балабақшаларда, ПИК қызметтеріне келісімшарттар жасасу үшін т.б. оны растауымыз керек болатын. Барлық жерде біз бұл анықтаманы барып алып, оны сұраған мекемеге ұсынуымыз керек болатын. Бізде осы мәліметтердің қажеттігінен бас тартуға негіз болған жоқ. Ал бүгін барлық тұрғындарға осындай мүмкіндікті ұсынып отырмыз. Қазір Қазақстан азаматы өзінің қандай да бір мекенжай бойынша тұрып жатқанын ешкімге дәлелдеуге міндетті емес»,- деді А. Оспанов.

Медициналық және білім беру мекемелеріне келсек, бұл ұйымдарда интеграцияланған ақпараттық жүйелер бар. Мысалы, барлық медициналық мекемелерде бүгінде Бірыңғай денсаулық сақтау ақпараттың жүйесімен кіріктірілген ақпараттық жүйелер жұмыс істейді. Дәрігердің қабылдауында болу үшін ең алдымен тұрғылықты жері бойынша тіркелуі керек. Егер бұрын осы кезеңде мекенжай анықтамасының болуы міндетті болса, қазір ол талап етілмейді.

«Білім беру мекемелерінде де солай. Медициналық және білім беру мекемелерімен жұмыстарды біз өткен жылы бастадық. Өткен жылдың жазында ата-аналардан мекенжай анықтамасын ұсынуды талап етуге тыйым салынған еді. Әкімдіктер деңгейінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді»,- деді вице-министр.  

Сонымен қатар ол бүгінгі таңда электронды форматта 28 анықтама берілетінін айтты. Жыл сайын түрлі ұйымдарға ұсыну үшін 20 млн-нан аса анықтама басып шығарылады екен. Келесі жылдан бастап мекенжай анықтамасы тәрізді, басқа да анықтамаларды біртіндеп алып тастау көзделіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025