Аймақтар • 30 Қазан, 2019

Ақтауда жануарлардың адам тістеу деректері көбейді

451 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың басынан бері Ақтауда 312 адамды жануарлар тістеген. Тістеу жиілігі бойынша көш бастап тұрған иттер – 216 факт, екінші орында мысықтар 83 оқиға. Егеуқұйрықтың бір оқиғасы тіркелген. 2018 жылмен салыстырғанда биылғы жылы адамдарды жануарлардың тістеуінің 56 жағдайы тіркелді.

Ақтауда жануарлардың адам тістеу деректері көбейді

Бұл туралы Ақтау қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Сымбат Жексенбай хабарлады.

-Жануарлардың тістеуі – адам өміріне, адам денсаулығына қауіпті. Ол аса зор сақтықты қажет етеді, әсіресе балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Тістеген жануарларда жұқпалы аурулар болатын болса, ол жағдайды күрделендіріп жіберетін белгілі. Сондықтан, тұрғындарға қаңғыбас иттер мен мысықтарды байқаған жағдайда Ақтау қалалық ветеринариялық станциясына хабарласуын түсіндірудеміз,- деп атап өтті Сымбат Жексенбай.

 

 

Маңғыстау облысы