Аймақтар • 30 Қазан, 2019

Маңғыстауда СӨСҚ орталығы медициналық тексеру ұйымдастырды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үшін медициналық тексеру ұйымдастырды.

Маңғыстауда СӨСҚ орталығы медициналық тексеру ұйымдастырды

Қалалық емханалардың мамандары, соның ішінде терапевт, кардиолог, невропатолог және т.б. департамент қызметкерлері мен салық төлеушілерге кеңес берді.

Акцияның негізгі мақсаты - аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

Акцияның әрбірқатысушысы кеңес, тәжірибелік көмек пен ақпараттық баспа материалдарын алды.

Іс-шара инфекциялық емес аурулардың: қан айналымы жүйесі аурулары, онкологияның, қант диабетінің, өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ халықтың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

 

 

Маңғыстау облысы