«Балауса» атты балабақша 100 орынға лайықталған. Бұл мекеменің бір ерекшелігі сол, ол кешке, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмыс істейді. Аталған балабақшаның құрылтайшысы Бағдат Бекежанованың айтуынша, жаңадан ашылған мекеме 30 адамға жұмыс тауып берген.
– Жобаның жалпы құны 30 миллион теңге болды. Оның 5 миллион теңгесі өзімнің қалтамнан шықты да, қалғанын «Даму» қорынан несие түрінде алдым, дейді ол.
Ал «Дәрия» балабақшасын құрылтайшы Әсем Орманалиева 30 миллион теңге болатын өз қаражатына салыпты. Мектепке дейінгі мекеме 60 орынға есептелген. Балабақша иесі Әсем Орманалиева балдырғандарды дамытуды ел дамуының маңызды шарттарының бірі және ол жарқын болашақтың кепілі деп санайды.
– Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету – біздің «Дәрия» балабақшасының басты мақсаты, – деді ол жаңа нысанның ашылу салтанатында.
Қарағанды облысы